Эволюция теориясы (1)
Материалисттер Дарвинді өздерінің жалған пікірлерін қуаттау үшін қолданған. Дарвин материалисттердің жар салғанындай адамдардың маймылдан тарағанын немесе бір жануар басқа бір түрлі жануарға айналып кеткенін айтқан емес. Дарвин мұндай нәрсе айтқан күнде де ол сөзінің ешқандай ғылыми құндылығы болмас еді. Өйткені теория дегеніміз дәлелденбеген нәрсе. Дәлелденбеген нәрсеге қатты ұстанып сену догма болады. Ал дінде догмаға орын жоқ. Негізінде Дарвин жандылар арасындағы өмір арпалысы туралы жазған. «Түрлердің пайда болуы» атты кітабында жандылардың айналаға бейімделгенін, сол себепті аздап өзгерістерге ұшырағанын жазған. Бірақ “бір түрдегі жануар басқа бір түрге ауысты” деген емес. Ағылшын ғылым одағының 1980 жылдағы Солфордтағы жиналысында сөйлеген Профессор Джон Дурант былай дейді: «Дарвиннің адамның шығу тегі туралы көзқарастары модерндік ертегі болып шықты. Бұл ертегінің ғылыми және әлеуметтік дамуымызға зияннан басқа әсері болмады. Эволюция ертегілері де ғылыми зерттеулерді ойран етті.»
1912 жылы Англияда К. Дэйвсон бір көне сүйек қаңқаларын тапқанын айтады. Кейіннен “Пилтдоун адамы” деп аталған бұл қаңқа маймылмен адам арасында табылған қаңқалардың ішіндегі ең сенімдісі ретінде мәшһүр болды. Бұл қаңқаның бас сүйегімен тістері адамдікіне, жақ сүйектері болса маймылдікіне ұқсайтын еді. Осылайша алғаш адамның маймылмен адам арасынадағы бір махлұқ болғандығы жазылып, суреті салынды. Дінді мазақ ете бастады. Бұл қаңқаның күмәнды тараптары бар екенін айтып оның зерттеуге берілуін сұраған ғалымдарға рұқсат берілмеді. Алайда соңғы жылдарда неміс ғалымы бұл қаңқаны зерттеп күмәнды жерлерін тапты. Нәтижеде Дэйвсонның қулық жасап адамның бас сүйегіне маймылдың жақ сүйегін орнатқанын және оған адам тістерін қойғанын жария етті.
(Жалғасы ертең...)