Untitled Document

Тауық еті тағамы

Қажетті заттар: Тауық саны – 3 дана, Картоп – 0,5 кг, Майонез – 150 гр, Кетчуп – 50 гр, 1 пачка тауық етіне арналған дәмдеуіш (приправа для гриля), 1 пачка кептірілген ұнтақ сарымсақ (сушеный чеснок)

Пісіру әдісі:
1) Ең алдымен тауық санын 1 сағат тұздалған суға салып маринадтаймыз.
2) Майонез, кетчуп, дәмдеуіш, сарымсақтың барлығын араластырамыз.
3) Картопты ашып, бірнеше бөліктерге бөліп, тауық санын да солай турап барлығын бір ыдысқа салып, жаңағы араласқан дәмдеуішті үстіне құйып, жақсылап барлығын араластырамыз. Кейін оны электр пешінің табасына бір тегіс етіп салып 250 С (градуста) пісіреміз. (Табаға сыймаған бөлігі екінші табаға пісіріледі) Пісу уақыты шамамен 35-45 минут.

Фиқһ ілімі

Фиқһ ілімі үлкен төрт бөлімге бөлінеді:

1) Ғибадат. Беске бөлінеді: Намаз, ораза, зекет, қажылық және жиһад. Бұлардың әр бірінің де тармақтары көп.
2) Мунакахат. Үйлену, ажырасу, нафақа және көптеген тармақтары бар.
3) Муамалат. Сауда-саттық, жалға алу, беру, фирмалар, пайыз, мұра сияқты бірнеше бөлімдері бар.
4) Уқубат. Қылмыс істеген адамға берілетін жаза түрлерін білдіреді.

Фиқһ ілімінің ғибадат бөлімін қысқаша үйрену, әр бір мұсылманға парыз. Үйлену, ажырасу және сауда-саттық бөлімдерін үйрену парыз кифая. Яғни қажеттілік туындағанда үйрену парыз болады. Мысалы, үйленетін адамның үйленуден бұрын үйленуге, жанұялық өмірге қатысты ілімдерді жақсылап үйренуі парыз болады.