Untitled Document

Ең үлкен жақсылық

Адамға жасалатын ең үлкен жақсылық, оған мұсылмандықты үйрету. Ал мұсылманға жасалатын ең үлкен жақсылық, оған әһли сүннет ақидасын үйрету. Бұл жақсылықтардан асқан жақсылық жоқ. Бір адамды мәнгілік жаһаннам отынан құтқарудан үлкен жақсылық бола ма? Адам тек “шексіз, мәңгілік” дегеннің не екенін түсіне білсе бәлкім миы қайнар.

Имам Ғазали хазреттері былай деген: «Жаһаннамдағы кәпірлерге «Сендер дүниедегі бүкіл сулардағы тамшылардың санындай, бүкіл құмдардың майда түйіршіктерінің мөлшеріндей отта жанасыңдар, содан соң шығып жаннатқа кіресіңдер» деп айтылса, соңында әйтеуір бір оттан құтылады екенбіз деп қатты қуанар еді. Бүкіл әлем, аспанмен қоса бидайға толы болса, бір торғайға “әр жылы бір данасын жеп тұрасың” делінсе, қанша көп болғанымен де ол бидайлар әйтеуір бір күні таусылады, мәңгіліктің жанында есептеуге де келмейді.»

Аллаһ жолында жақсы ниетпен жасалған қызметтер босқа кетпейді. Ниет Аллаһ разылы болғаннан кейін Аллаһу та’аланың өзі көмектеседі. Аллаһ жолында еңбек ету әркімге нәсіп болмайды. Ұлыларымыздың яғни әһли сүннет ғұламаларының, силсиләи алийадан болған әулиелердің жолында кімге исламға қызмет ету нәсіп болса, күні-түні халіне шүкір етсін, Раббына хамд етсін!

Кешегі жауап

А мен Б қалаларының уақыттарында 2 сағат айырмашылық бар және екі қала арасындағы сапар 4 сағатқа созылады.