Untitled Document

Барнабас Інжілінен

Барнабас інжілі шынайы інжілге ең жақыны болғаны үшін, оның қамтығын мәліметтері басқаларынан өзгеше. Мысалы, Барнабас інжілінде жазылған төмендегі бөлім, сүйікті пайғамбарымыздың келетінін, соңғы пайғамбардың Мұхаммед алейһиссалам және соңғы діннің де ислам діні екендігін ашық білдірілген:

Хазреті Иса, «Сен Аллаһтың ұлысың!» деген Петрусқа қатты ашуланды. Оған: «Кет! көзіме көрінбе! Сен шайтансың, маған жамандық жасағың келіп тұр!» деп ұрсып берді. Хауарилеріне қарап былай деді: «Маған осындай сөздерді айтқандарға Аллаһтың лағнеті болсын! Аллаһ маған, оларға лағнет ету әмірін берді. Мен ешкімнің күнәсін кешіре алмаймын. Тек Аллаһу та’ала ғана кешіреді... Мен өмірге, Аллаһу та’аланың дүниеге жіберетін Расулының жолын дайындау үшін келдім. Бірақ сендер абай болыңдар! Ол келгенге дейін алданып қалмаңдар. Өйткені менің сөздерімді алып менің інжілімді бұзатын қаншама өтірікші пайғамбарлар шығады...»

«Сіз айтқан келетін пайғамбар тұралы бізге кейбір белгілерін айтыңыз, оны біліп алайық» дегенде былай жауап берді:

«Бұл пайғамбар сендердің замандарыңда келмейді. Менің інжілім бұрмаланған және шынайы сенгендер отыз шақты ғана адам қалған кезде келеді. Сол кезде Аллаһу та’ала адамдарға мейірім етіп, елшісін жібереді. Оның басының үстінде әрқашан ақ бұлт жүреді. Ол өте қуатты болады, пұттарды сындырады, пұтқа табынғандарды жазаландырады... Бауырларым! Шайтан, Рим әскерлерінің көмегімен сендерге менің құдай екенімді айтып сендерді алдайды. Оларға сенбеңдер!...»

«Мені қуантатын нәрсе, оның дінінің аяқталмайтыны және Аллаһу та’ала тарапынан ешкімнің қолы тимей сақталуы...»

Сол кезде хауарилері былай дейді: «Ей Аллаһым! Бізге елшіңді жібер! Ей Мұхаммед! Дүниенің құтылуы үшін тезірек кел!»