Барнабас інжілі
Жозеф Барнабас (Варнава) Кипрда туылған. Алдын яһудилік дінінде болып, кейін хазреті Иса алейһиссаламды көргенде иман келтірген және Иса алейхиссаламға алғашқы сенген кісілерден болған. Иса алейхиссаламға сенгені үшін және оны өте қатты жақсы көргені үшін хауарилер оны «Барнабас» деп атаған. Француздар оны «Саинт Барнабе» деп атайды және 11 маусымда еске алу мейрамын тойлайды.
Павлов есімді бір яһуди, өзін Иса алейһиссаламның дініне сенгендей қылып көрсетіп, Барнабасқа жақындай бастайды. Жаман ниеттерін жүзеге асыру үшін онымен қаншама жылдар бойы дос болады. Кейін оны азғыра алмайтынына көзі жеткен соң дұшпандығын айтып салады. Иса алейһиссаламнан кейін Павловтың бірінші ісі, шынайы інжілді жою еді. «Иса Аллаһтың ұлы» деп айтты. Арақ пен шошқа етін халал қылды. Бірақ Барнабас, бұл ойдан шығарылған өтіріктерге алданбады. Иса алейһиссаламнан көргендерін және тыңдағандарын қатесіз жазды. Иса алейһиссаламнан кейін Мұхаммед алейһиссаламның келетіні де осы інжілде білдірілген. Барнабастың жазған інжілі, 325 жылға дейін Александрия шіркеулерінде оқылатын. Барнабастың бұл інжілін тарих бойы бірнеше рет жойып жіберуге тырысылғанымен, 383 жылы Папа Дамасус бұл інжілдің бір нұсқасын алып, өзінің жеке кітапханасында сақтайды. Кітап 1590 жылы қол жазбамен көне еврей тілінен италиан тіліне аударылады. Бұл нұсқасы қолдан-қолға өтіп, 1713 жылы Вена Корольдік Кітапханасына ауыстырылады.
Барнабас інжілінен басқа қолдан жасалынған інжілдер, уақыт өте көбейіп, әр жерде әртүрлі інжіл оқылатын болды. Соңында 313 жылы, алдын пұтқа табынушы болып кейін христиандықты қабылдаған Константин, бүкіл інжілдерді біріктіріп, жаңадан бір інжіл кітабын жазуды әмір етеді және алдыңғы діні болған пұтқа табынушылықтан да біраз нәрселерді қостырады. Изник жиналысында Барнабас інжілінің жойылуы және бұл інжілді оқығандардың өлтірілуі туралы шешім қабылдайды. Кейінгі кезеңдерде жасалған жиналыстарда алғашқы жазылған 4 бұзылған інжіл кітабы, қазіргі христиандардың қасиетті кітабы ретінде қабылданады.