Жаңбыр тамшылары
Жаңбырлар, бірден құйыла салудың орнына аздап, тамшылап-тамшылап жауады. Мұның себебі судың титтей тамшыларының бұлттарда, будың майда түйіршіктерінің және электр зарядты бөлшектердің үстінде тығыздануы арқылы жүзеге асады. Бұл титтей тамшылардың диаметрлері 1-10 микрон аралығында болады. (бір микрон, миллиметрдің мыңнан бір бөлігі.) Бұлттар жоғарыға қарай белгілі бір жылдамдықпен 1 -10м/с көтерілген кезде майда су тамшыларын да өздерімен бірге алып кетеді. Майда тамшылар жоғарыға көтерілген сайын тығыздықтарының артуы нәтижесінде үлкейеді. Екі немесе одан да көп майда тамшылардың бір-бірімен қақтығысып бірігуі нәтижесінде тамшылар пайда болады. Тамшылар, ауаның оларды жоғары қарай көтере алмайтындай дәрежеде үлкейген кезде, жаңбыр болып төменге қарай түсе бастайды.
Тауып айтылған жауап
Қожанасыр бір мейрамхананың алдына тауарларын жайып қойып сауда жасап жатқанында, мейрамхананың иесі Қожанасырға:
- Қожеке, әр күні мейрамхананың алдында тамақтардың иісінен пайдаланасыз, мұның ақшасын төлеуіңіз керек!- дейді.
- Тамақтың иісіне де ақша төлене ме?
- Иә, менің тек қана палау мен мантыларыма ғана емес, олардың иістеріне де ақша төлейсіз, әйтпесе қазыға барып сөйлесеміз.
Екеуі бірге қазыға барады. Қазы:
- Ал Қожеке, бұған не айтасыз?-дейді.
- Дұрыс, депті Қожа. Тамақтардың иісінен аузымның суы құритыны рас, бірақ әр күні санаған ақшамның дауысын естіген бұл кісінің ойына ақша келетіні де рас. Ендеше тамақтың иісіне ақшаның дауысымен төлеп, бұл есепті жабайық...