Untitled Document

Сырри Сәқати

Ұлы әулиелердің бірі, хазреті Сырри Сәқати бір жерге бара жатқанда, жолдағы жанды-жансыз барлығы, тіпті ауадағы құстар да оған анық тілде сәлем беретін. 40 рет жаяу қажылыққа барған. Осыған қарамастан кейбіреулер одан былай деп сұрайды:

– Йа, Шәйх! Сіз өміріңізде бір рет те болса қателік жасадыңыз ба?
Сонда басын иіп былай деп жауап береді:
– Ей, бауырларым! Бір қателік жасадым. Сол қателігімнің оты жүрегімді 30 жылдан бері өртеп келеді. Әр еске алғанымда жүрегім тоқтап қалады деп ойлаймын...
– Ұстаз, ол қандай қателік еді?
– Осыдан отыз жыл бұрын Бағдат қаласында үлкен өрт шыққан еді. Менің де дүкенім орналасқан базар толық жанып кетті. Ол кезде мен басқа жерде едім... Хабаршылар барлық көршілерімнің дүкені жанып, тек менің дүкенім ғана жанбағанын айтып сүйіншіледі!... Қуанғанымнан: «Әлһамдулиллаһ!» деп Аллаһу та’алаға шүкір еттім... Бірақ артынша өзге мұсылмандарды қалдырып, тек өзімді ғана ойлағаным үшін қатты ұялдым... Бірден тәубе етіп, кәффарат ретінде дүкенімдегі заттарды садақа ретінде таратып жібердім, - дейді.

Күріш

Асқазанды жеңіл ұстайды, қуаттандырады, тазалайды және азқазанда біраз тұрып, қарынды тоқ ұстайды. Үндістан дәрігерлері: «Күріш сиыр сүтімен пісіріліп желінсе, азықтардың ең жақсысы және ең пайдалысы» деген. Күріш денені дамытады, теріні әдемілейді, азықтық құны да жоғары. Ішті қатыру әсері бар, сүтпен пісірілсе бұл әсері азаяды. Шекер қосылып желінетін болса, асқазаннан жеңілдеу өтеді және семіртеді. Хазреті Әли «Жейтін азықтардың мырзасы алдымен ет, кейін күріш» деген.