Untitled Document

Денсаулық - Чипс жейтін балалар

Англияда Бристолс атындағы Университет тарапынан 14000 балаға жасалған зерттеуде чипстің орнына жеміс-көкөніс жейтін балалардың ақылы, зеректігі басымдау болатыны анықталды. Зерттеу нәтижесінде ғалымдар «Балаларыңның ақылды болуларын қаласаңдар картоп чипстері және пицалардың орнына жеміс-көкөністерді тұтыныңдар!» деп айтқан.

Зерттеуден жас кезінде құрамында шамадан тыс май, шекер және тұз бар азықтарды жейтін балаларға қарағанда, жеміс-көкөніс жеген балалардың зеректігі (IQ) 8 балл жоғары шықты. Pauline Emmett және Kate Northstone басшылығындағы ғалымдар мидың ең жылдам дамитын кезеңінде 0-3 жас аралығындағы балалардың салауатты, жүйелі түрде тамақтануы керектігін білдіруде. Northstone: «Ата-аналардың дұрыс тамақтануыдың маңызды екенін білулері қажет» деп мәлімдеді.

ІІ-ші дүниежүзілік соғыстың аяқталуы


Адамзат тарихындағы соғыстардың ең қандысы – екінші дүниежүзілік соғыс 1939 жылы 1 қыркүйекте басталып, 1945 жылы 8 мамырда аяқталды. 38 миллионға жуық адам қайтыс болған бұл соғыста немістер жеңілді. Бірақ, аз уақыт ішінде күшті мемлекетке айналды.
Жеңген болып көрінгенмен, негізінде жеңілген ағылшындар еді. Империялары кішірейіп, барлық отарларынан біртіндеп айрылды. Қазіргі кезде экономикасы күн санап әлсіреуде. Халқының арасында жаман жолға түсушілік пен келеңсіздік кеңінен таралған.