Untitled Document

Мұсылманның міндеттері


Хадис шәрифтерде былай делінді:
«Адамдарға мейірімді болмаған адамға Аллаһу та’ала мейірім етпейді.»
«Мұсылман – мұсылманның бауыры, оған зұлымдық етпейді, керісінше көмегіне асығады. Оны өзінен төмен санамайды. Оның қанына, мал-мүлкіне, ар-намысына зиян тигізуі харам.»
«Аллаһқа ант етейін, адам өзі үшін жақсы көрген нәрсесін дін бауыры үшін де жақсы көрмейінше иманы толық болмайды.»
«Қарттарға құрмет көрсеткен және көмектескен адам қартайған кезінде Аллаһу та'ала оған да жәрдемшілер нәсіп етеді.»
«Бір адам жек көрген адамының басына бәле, қиындық келгенде қуанса, Аллаһу та’ала оған да сол бәлені береді.»
«Жүрегінде мейірімділік болмаған адамның иманы жоқ.»  (Яғни иманы кәміл емес.)
«Аллаһқа ант етейін, жамандығынан көршісі сенімді болмаған адамның иманы жоқ.» (Яғни шынайы мұсылман емес.)
«Кішілерге ізет және үлкендерге құрмет көрсетпеген адам бізден емес.»
«Аллаһу та’ала дүниелік нәрселерді достарына да, дұшпандарына да берген. Ал көркем мінезді тек сүйген құлдарына берген.»
«Бір адамның ар-намысына, мал-мүлкіне қол салған адамның сауаптары қиямет күні алынып ақы иесіне беріледі. Ғибадаттары, жақсылықтары  жоқ болса, сол адамның күнәлары бұған жазылады.»
«Аллаһу та’аланың дәргейіндегі күнәлардың ең жаманы – жаман мінезді болу.»

Махмуд Ғазнауи

Махмуд Ғазнауи “рахметуллаһи алейһ” мұсылман түркі тайпаларынан шыққан ең ұлы тұлғалардың бірі. Асқан батыр және өте мұқиятты адам болған. Алғашқы түркі-Ислам мемлекеттерінің бірі болған Ғазнауилер мемлекеті бүгінгі Ауғанстан, Үндістан, Пакистан, Иран жерлерінде Сұлтан Ғазналық Махмуд тарапынан құрылған. Өте жақсы қолбасшы және саясаткер болған. Әдебиетке және ғылымға көп мән беретін. Ислам ғалымдарын жиі-жиі мәжілістеріне шақырып сұрақтар сұрайтын. Хадистерді жақсы білген. Ғалымдарға, дін адамдарына, қолөнершілерге және әскерлерге қатты мән берген және оларға көп жақсылық жасаған. 61 жасында 1030 ж қайтыс болған сұлтанның 45 жылы соғыс майдандарында өткен.