Untitled Document

Сәйидат Нәфиса

Дүниеге берілмеуі, харамдардан сақтануы және жомарттығымен танымал болған әйел әулиелердің бірі – Сәйидәт Нәфиса. Кемеңгер ақыл-парасатқа ие, дария толы ілімді, теңдессіз дерлік заһида тұлға. Есімі Нәфиса бинти Хасан болып, хазреті Әлидің ұрпағынан. Тахира және Кәримәт-ут-дарәйн деген лақаб аттары бар. 762 жылы (хижри 145) Мекке мукаррамада туылған. Сәйидат Нәфиса имам Жафар Садықтың ұлы Исхақ Мутеменмен үйленеді. Олардың Қасым деген ұлы және Үмму Гүлсім деген қызы болды. Ері және бала-шағасымен бірге Мысырға барып орналасады. Тәфсир, хадис және басқа да ғылым салаларында ғалым еді. Халық оның үстемдігін, ұлылығын мойындайтын. Сәйидат Нәфиса оқымаған болғанымен көптеген хадис шәриф үйренген еді. Құран кәрімді жатқа білетін. Көп кераметтері көрінген.

Сәйидат Нәфиса отыз рет қажылыққа барған. Күндіз ораза ұстап, түнді ғибадатпен өткізетін және үш күнде бір тамақ жейтін. Ерінен бөлек ештеңе жемейтін еді. Сәйидат Нәфисаның сол кезден қазіргі күнге дейін Мысырлықтар және бүкіл мүминдер үшін береке көзі болғандығын ислам ғалымдары айтқан. Өзін күнаһар және дұға етуге беті жоқ сезініп «Ауруым жазылса немесе осы жұмыстарым жүріп кетсе, сауабын Сәйидат Нәфиса хазреттеріне бағыштап Аллаһ разылығы үшін үш рет Ясин шәриф оқуға немесе құрбандық шалуға нәзір еттім (атадым)» дегендердің, тілегі қабыл болғандығы қаншама рет тәжрибе етілген. Бұл жерде Аллаһу та’аланың разылығы үшін Құран кәрім оқылып немесе құрбандық шалынып, сауабы Сәйидәт Нәфиса хазреттеріне бағышталуда, оның шапағатымен Аллаһу та’ала ауруға шипа беруде, бәле-қазадан сақтап, дұғаны қабыл етуде.
823 жылы (хижри 208) Каирде қайтыс болды. Дәрб-үс-Сиба деген жерде жерленген. Қабірінің үстінен бір нұр көрінеді. Оны зиярат ету үшін адамдар жан-жақтан ағылып келуде. Имам Шарани хазреттері «Әһли бәйттің ішінде тасарруфы ең көп болғаны Сәйидат Нәфиса» деп айтқан.