Қиямет күні әлбетте келеді (1)
Қиямет күні әлбетте бар. Ол күн әлбетте келеді. Ол күні аспан, жұлдыздар, өмір сүріп жүрген әлеміміз, таулар, теңіздер, жануарлар, өсімдіктер, кен-қазбалар, бүкіл жаратылыстар жоқ болады. Аспан бөлшектенеді, жұлдыздар таралады, жер беті, таулар бөлшектенеді, шаңға айналады. Құран кәрім бұларды хабар берген және бүкіл мұсылмандар бұған сенеді. Бұған сенбеген адам кәпір болады. Тәкуир сүресінде: «Күннің жарығы қалмаған, қараңғы басқан және жұлдыздар сөнген уақыт», Әл-хаққа сүресінде: «Сур бір рет үрленген кезде жер беті мен таулар орындарынан көтеріліп сілкінеді. Ол күні қиямет қайым басталады, аспан жарылады және таралады» делінген. Бұл жоқ болу Сурдың алғашқы белгісінде болады. Сурдың екінші үрленуінде барлық нәрсе қайтадан жаратылып, адамдар қабірден тұрады, махшар алаңына жиналады.
Қиямет күні есептен кейін адамдардың бір бөлігі жаннатқа жіберіледі, бір бөлігі жаһаннамға тасталады. Жаннаттың ниғметтері және жаһаннамның азабы шексіз. Бұл туралы Құран кәрім мен хадис шәрифтерде анық білдірілген. Әнбия сүресінің 47-ші аятында: «Қиямет күніне тән әділдік мизандарын (таразы) құрамыз. Ешкімге зұлымдық жасалмайды. Қыша данасындай (түйірдей, аз ғана) мөлшерде жақсылық жасаған адам нәтижесіне қауышады» делінген.
Қиямет күні амалдарды, істерді өлшеу үшін біз білмейтін мизан атты өлшеу құралы, таразы құрылады. Жер мен көк бір көзіне сияды. Сауап көзі жарқыраған болып, Арштың оң жағында жаннат тарапында болады. Күнә жағы қараңғы болып, Арштың сол жағында, жаһаннам тарапында болады. Дүниеде жасалған істер, сөздер, ойлар, көзқарастар ол жерде кейіпке еніп, жақсылықтар жарық, жамандықтар қараңғы және жиіркенішті көрініп осы таразыда тартылады.
(Жалғасы ертең...)