Өлімді еске алудың пайдалары
Әрбір мұсылман жаннат пен жаһаннамға сенеді. Жаһаннамнан құтылып, жаннатқа кіргісі келетін ақылды адамның өлімге дайын болуы керек. Өйткені, пайғамбарымыз алейһиссалам: «Ақылды адам - өзін есепке тартып, өлім үшін дайындалатын адам» деген. Бір нәрсе үшін дайындалу – ол нәрсені жиі еске алу арқылы болады. Еске алу еске түсіретін нәрселерге қараумен, оларды істеумен іске асады. Жалпылама адамдардың барлығы өлімге көз жұма қарайды. Бір аятта: «Есеп беру уақыты жақындаса да, адамдар қараңғылық ішінде, бұдан жүздерін алып қашуда.» делінген. (Әнбиа 1)
Дүниенің пайдасыз зауқтарына алданған адам өлімнен хабарсыз өмір сүреді. Қасында өлім туралы сөз айтылса, жиренеді. Пайғамбарымыз алейһиссалам: «Кім өлімнен жиренсе, Аллаһ одан жиренеді» деген. Аллаһу та'ала: «Қашып жүрген өлімдеріңе міндетті түрде ұсталасыңдар» деп бұйырған. (Жұма 8)
Күнәлардан қашып, ғибадаттарын орындап жүрген адам, өлімді қаламаса өлімнен жиренген болмайды. Өйткені, ол кемшіліктерінің орнын толтыру үстінде. Әр уақыт, жақсы және жаман жағдайларда өлімді еске алудың пайдасы көп. Өйткені, дүниенің пайдасыз зауқтарының соңынан ерген адамның өзі, өлімді еске алу арқылы лас істерінен алыстай бастайды. Уақыт өте дүниенің қиыншылығы оған ауыр болып, зауқтарынан суиды. Осылайша дүниенің пайдасыз нәрселерінен суытатын барлық нәрсе, құтылудың себебі болып табылады. Хадис шәрифтерде былай делінеді:
«Өлімді еске алу күнәлардан сақтайды.» (Ибн Әбиддунйа)
«Өлімді еске алу садақа бергендей сауап.» (Дәйләми)
«Өлімді еске алу адамды күнәлардан қорғайды және дүниеге (Алаһу та'аланың разылығына кедергі болатын барлық нәрселерге) берілуден сақтайды.» (Ибн Әбиддунйа)
«Темірді тот басқаны сияқты көңіл (жүрек) те күнәлармен кірленеді. Өлімді көп еске алу және Құран кәрім оқу көңілді жалтыратады.» (Бәйһақи)
«Өлімді көп еске алып, күнәлардан қашқан адамның қабірі жаннат бақшасы болады. Өлімді ұмытып күнәға батқан адамның қабірі жаһаннамның шұқыры болады.» (Суфйани Сәури)