Сәулетші мимар Синан
Сәулетші Синан 1490 жылы Кайсеридің Ағырнас деген ауылында туылып, 1588 жылы 9 сәуірде Стамбулда қайтыс болды. Жас шағында Стамбулға келіп оқуын тамамдап, әскер қатарына қосылды. Чалдыран, Мысыр, Тебрия, Бағдат, Родос пен Белград соғыстарына қатысты. Сонымен қатар көптеген мемлекеттерге барып, жүздеген қала көріп, барған жерлерінде аркалармен күмбездерді зерттеді. Барлығынан өзіне дәріс алып, қағазға түсіріп жүрді. Кейін бас сәулетші қызметіне тағайындалды. Мемлекет құрылыстарын бақылады және сәулетшілерді дайындайтын Хасса Мимарлар Орталығында күні түні сабақ оқытты. Сәулетші Синан мемлекетті мешіттер, медреселер, көпірлер, ғимараттар, емханалар, сарайлар, моншалар, қоймалар және керуенсарайлармен безендірді. Туындысының ешқайсысы бір-біріне ұқсамайтын. Ол қысқа ғана сәулетшілік қызметінде 364 өнер туындысын қалдырды. Сәулетші Мимар Синанның акустика саласында жеткен жетістіктеріне тіпті осы күнгі инженерлер де түсіне алмай бармағын тістеп қалуда. Сүлейманийа және Сәлимийа мешіттері ең асқақ туындыларының бірі болып саналады.
Мимар Синан Сәлимийа мешітінің күмбезін пішіне келтіру үшін 13 белгісіздік теңдеуін математикадағы 4 амалдан басқа өзгеше бір амал құрып шешкені айтылады. Мұнарадағы үш азан оқылатын жерге шығатын үш азаншының жолда бір-бірлерін көрмеулері де үлкен кемеңгерліктің жемісі. Синан бұл жүйені 2 метрлік диаметрге ғасырлар бұрын сидырған дара данышпан. Сәлимийа мешіті салынған жердің топырағы өте босаңқы екен. Осы себепті мұнаралары жақын уақытта құлайтыны анықталыпты. Халықаралық бір топ ғалымдар жиналып “Бұл тарихи мұнараларды қалай құтқарамыз” деп шара іздеуге кіріседі. Нәтижеде мұнаралардың түбін ең соңғы технология саналатын метал қазықтармен жабдықтауды жөн көреді. Түбін қазып қараса қоюды жоспарлаған метал қазықтарының дәл өзіне кезігеді. Мимар Синан бұлардың ойын қаншама ғасырлар бұрын ойлап қойған көрінеді!..