Untitled Document

Үш тәңір болуы мүмкін бе?


Хазреті Маруф Кәрхидің «рахметуллаһи алейһ» заманында бала-шағасы болмаған христиан кісі бір күні мұсылман көршісіне барады да, «Көрші, көріп тұрғаныңдай бала-шағам жоқ. Мені бір дін адамына апарсаң деген өтінішім бар. Мүмкін дұға етіп перзент сүю деген арманымызға жеткізер» дейді. Көршісі оны хазреті Маруф Кәрхиге апарды. Хазреті Кәрхи қолдарын жайып: «Йа Раббым, бұл құлыңа қайырлы перзент бере гөр, сол баланың арқасында бұлар да иман келтіріп тозақта мәңгі жанудан құтылсын» деп дұға етті. Дұғасы қабыл болып, әлгі христиан ұлды болады. Бала өскен кезде, оны бір шіркеу попына апарып, «Бұны біздің дініміз бойынша жетілдір» деп өтінеді. Поп баланы алдына отырғызып, «Үш тәңір бар деп айт!» дейді. Бала бұған қарсы шығып, «Жоқ, үш тәңір болуы мүмкін бе? Аллаһ жалғыз, бүкіл адамдар Оның құлдары!» дейді. Поп бірден ашуланып:
- Олай болмайды! «Үш тәңір бар» деп айтасың!
- Жоқ, мен ол сөзді ешқашан айтпаймын!
- Неге айтпайсын?- деп поп ашуланады. Бала:
- Өйткені, «Үш тәңір бар» деп сенетіндер тозақта мәңгі жанады,- дейді.
Баланың бұл сөздері попқа әсер еткені соншалық, ол шәһадат кәлимасын айтып, мұсылман болады. Сөйтіп, екеуі қуанышпен баланың үйіне барады. Поптың жүзінде исламның нұры жарқырап тұрады. Баланың жағдайын үйдегілерге айтқан кезде, әлгі адамның есіне қаншама жылдар бұрын хазреті Маруфтың жасаған дұғасы түседі. «Ант етемін, бұл болған жәйт Маруф Кәрхидің кереметі» дейді де, шәһадат калимасын айтып ол да иман келтіреді. Оның артынан баланың анасы, кейін басқа да туысқандары бірінен соң бірі мұсылман болады. Осылайша бір отбасы толығымен иман келтіріп, барлығы мәңгі тозақта жанудан құтылады.

Сіз білесіз бе?

♦ Тамақ тұзбен басталса, ми тарапынан жіберілетін ескерту арқылы асқазанда ас қорытуды жеңілдететін шырыш (слизь) қабаты қалыптасады және асқазанның ас қорытуға дайындықсыз қалуының алдын алады.
♦ Тамақ жейтін кезде, жерге отырып сол аяқты жерге жинап, оң аяғын тік жинап, қарнына тартып желінетін болса, сумен толтырылған шар күйінде болған асқазанның шығатын жағын жауып желінген тамақтың, толық қорытылмай ішектерге өтуінің алдын алады және асқазан толғанда тойғандық сезімін тудырып, көп жемей тұрып кетуіне себеп болады.
♦ Тамақ жеген кезде су ішілсе, ішілген су женілген тамақтың жақсы қорытылуына, қажетті витаминдердің алынуына көмектеседі және асқазанға тойғандық сезімін тудырып, аз жеуіне себеп болады.
♦ Отырып, ең аз дегенде үш жұтыммен ішілген су, тіл және ауыз қуыстарында көбірек тұрғандықтан, түкірік бездері үшін қажет болған судың алынуын арттырып, бактерияға қарсы және антиоксидант әсеріне ие болған сілекей бөлінуін арттырып, ауыз және тіс саулығы үшін көмектеседі.
♦ Ұйықтар кезде оң жақ қырымен жату, сол жақтағы жүректің жақсы жұмыс істеуіне және жүректі шаршатпай, демалған күйде оянуына себеп болады.
♦ Туалетке кірер кезде сол аяқпен алғашқы қадам басылғанда аяқ тайып кететіндей тайғақ болған жағдайда, сол аяққа қарағанда мықтылау болған оң аяқ, құлауға кедергі жасап, денені ұстап қалады.
♦ Моншаға түскеннен кейін аяққа салқын су құю, қан айналымын жылдамдатып, ыстықтың әсерінен кеңейген тамырлардың құрамындағы қанның қозғалысын арттырып қан қысымының төмендеуіне және ревматизмге жақсы әсер етеді.
♦ Түні бойы үзіліссіз ұйықтау, тамырлардың кеңеюіне себеп болады. Түннің ортасында тұрып бет қолды жуу (Мысалы: дәрет алу), шаршатпайтын жаттығулар жасау (Мысалы: тәһажжүд намазы) тамыр кеңеюіне бөгет болады және сергектеу болып оянуына себеп болады.
Осылардың бәрін 1400 жыл алдын сүйікті пайғамбарымыздың жасағанын және үмметі үшін қалдырған сүннет-и сәнийалары екенін білесіз бе?