Untitled Document

Ауырғанда оқылатын дұғалар

Хадис шәрифте: “Қиямет күні дәптерінде көп истиғфар (әстағфируллаһ) болған адамға сүйінші болсын!” делінген. Өлімнен басқа барлық дерттерден құтқарады және ризықты арттырады. Ажалы келген адамға аурусыз, қиналмай жан тапсыруына көмектеседі.

Хадис шәрифте былай делінді: “«Лә хаулә уәлә қууатә иллә билләһил али ил-азыйм» кәлимасын оқу 99 дертке дауа болады. Бұлардың ең жеңілі қайғы.” Бұған “тәмжид кәлимасы” деп айтылады. Қорыққан кездерде және жыннан қорғану үшін де оқылады.

“Фатиха”, “Аят әл-Курси” және “төрт Қул” (Яғни Кәфирун, Ихлас, Фәләқ, Нас) сүрелерін 7-реттен оқып ауру кісінің үстіне үрленетін болса, бүкіл қиыншылықтарға, дерттерге, сиқырға, көз тигенге, жануарлардың тістегеніне, шаққанына жақсы көмектеседі.

Расулуллаһ саллаллаһу та’ала алейһи уәсәлләм былай деген: “Жаңбыр суын жинап, үстіне Фатиха, Аят әл-Күрси, Ихлас және Қул әузу сүрелерін 70-реттен оқып, бұл судан арасын үзбей 7 күн таңертеңгісін ішкендердің сырқаттары, аурулары тоқтайды.”

Көз тиген адамға, пайғамбарымыз білдірген мына дұғаны оқу керек: “Ә’узу бикәлимәтиттәммәти мин шәрри кулли шәйтанин уә хәммәтин уә мин шәрри кулли айнин ләммәтин.” Бұл дұғаны күнде таңертең және кешке 3-рет оқып өзінің үстіне немесе жанындағылардың үстіне үрлесе, көз тиюден және шайтандардың және жануарлардың зиянынан қорғалады.

Пайғамбарымыз «саллаллаһу алейһи уәсәлләм» үш түрлі ем қолданатын. Құран кәрім немесе дұға оқитын. Ғылыми жолмен табылған дәрілерді де қолданатын. «Құран кәрімнен шипа күтпеген адамға шипа нәсіп етпейді» дейтін. Сондықтан оқитын адамның да, ауру адамның да бұған сенуі шарт болып табылады.