Untitled Document

Әһли бәйтке қызмет етудің құндылығы

Пайғамбарымыздың әулетіне, ұрпағына әһли бәйт делінеді. Бір хадис шәрифте: «Менің әулетіме, тегіме тіл тигізіп, мені ренжіткендерге Аллаһу та’ала өте қатты азап береді» делінген. Тағы бір хадис шәрифте: «Сендердің ең жақсыларың – Менен кейін әһли бәйтіме жақсылық жасағандарың» делінді.

Хазіреті Әли риуаят еткен екі хадис шәрифте: «Әһли бәйтіме тиіскен адамға қиямет күні соның азабы жеткілікті болады» және «Сират көпірінен ең оңай өтетіндер – әһли бәйтіме және сахабаларыма ерекше махаббат пен құрмет көрсеткендер» деп айтылған.

Сәйидтердің бірі бір ауылға келіп, бір танысының үйін іздеп жүреді. Кімнен сұрасам екен деп тұрғанда, қарсы алдынан біреу шығады. Одан: «Пәлен кісінің үйі қайда екен?» деп сұрайды. Сөйтсе ол адам яһуди екен. Яһуди қолымен ишара етіп жауап береді: «Міне, мына қарсыңдағы үй!» Осылайша сәйидтің ісі еш шаршамастан бітеді.
Хақ та’аладан періштелерге бір дауыс келді: «Ей періштелерім! Мұның оң қолына азап бермеңдер. Өйткені бұл қолы менің сүйікті пайғамбарымның балаларының біріне қызмет етті, оған іздеген үйін көрсетті.»

Бір сәйидке осындай-ақ қызмет еткені үшін қияметке дейін яһудинің оң қолына азап жоқ. Сәйидтердің құрметіне қараңыз, аздаған қызмет оны қабір азабынан құтқарып жатыр. Ол кәпір болса да. Сондықтан сәйидтерді жақсы көруіміз керек. Оларды құрметтейміз, оларға қызмет етеміз. «Бірақ ол намаз оқымайды ғой!» деп, немқұрайлылық етпеу керек. Оларға Хақ та’ала өмірде міндетті түрде рүшди хидаят ихсан етеді.

Егер хидаят нәсіп етпеген болса, күнә істеп жүрген болса, онда соңғы демде тәубе етуді нәсіп етеді. Соңғы демде хидаят береді. Өйткені олар өте қадірлі және бақытты адамдар. Олардың денесінде Расулуллаһтың бөлшегі бар. Сондықтан оларды жақсы көрейік, қадірлейік.