Untitled Document

Ұйқы әдебі

1) Дәретпен жату керек.
2) Мисуак қолданып, оңға жақпен қыблаға қарап жату сүннет.
3) Қарыздары және маңызды жұмыстары бар адам өсиет жазбастан жатпауы керек.
4) Күнәларына тәубе етіп ұйықтау керек.
5) Жатар кезде түнде тәһәжжүд намазын оқу үшін тұруға ниет етіп жату керек.
6) Ұйқысы келмей тұрып жатпау керек.
7) Жатқанында бір Фатиха, үш Ихлас, бір реттен Фәлақ пен Нас сүрелерін және Аят-әл-күрсиді оқу керек.
8) Ұйқының өлімнің бір түрі, ал оянудың тірілу екенін ойлау керек.
9) Жатқанда ертеңгі күні қайырлы істерді істеу үшін күш жинауға, демалуға және таң намазына тұруға ниет етіп жату керек.

Теледидар

Теледидар тамашалап отырғанда көз әсіресе мына жағдайларда шаршайды:

♦ Ұзақ уақыт көру.
♦ Қараңғы жерде көру.
♦ Көріністегі жиі-жиі өзгеріп тұратын өзгерістер.
♦ Көк түсті экран.
♦ Көздің экрандағы қозғалып тұратын көріністерді көру үшін үздіксіз жұмыс істеуі.
♦ Эфирдегі ақауларға байланысты экранның жиі-жиі қарайып жарықтануы.

Теледидар тамашалаған кезде көзілдірік тағатындар көзілдіріктерін міндетті түрде тағулары керек. Теледидардағы көріністер анық көрінбей, дірілдеп көрсететін болса, теледидарды өшіре салу керек. Экран мен көз бірдей деңгейде болу керек, жоғарыда немесе төменде болмау керек.