Untitled Document

Қазіргі таңда үйлену

Қазіргі кезде тіпті базардан қияр таңдауда да ақылға салып, ойланып шешім қабылдайтын жастар, әйел таңдауда осы қасиеттерін көрсетпеуде. Төрт жыл жүріп ұнатып үйленген адамымен, 4 ай өмір сүре алмай «мінездің келіспеушілігі, тұрақты ұрыс-керіс» деген сияқты себептермен ажырасулардың саны күн өткен сайын артуда.
Отбасылық өмірдің мұндай келеңсіз нәтижемен аяқталмауы үшін үйлену мәселесіне ақыл да араласуы керек. Ата-аналардың кеңестеріне, айналадағы ақылды, есті адамдардың сөздеріне құлақ салу керек. Сонымен қатар күнімізде дипломына бола үйлену жағдайлары да көп болуда. Мұндай ұялардың да аяқ алысы бәсеңдеп, тоқырауға айналып жатқаны немесе өздерін мәжбүрлеу арқылы ілгерілеп жатқаны байқалуда.

Еркектер үшін де, әйелдер үшін де ғұмыр бойы тату-тәтті өмір сүру үшін төзімді және сабырлы болу қажет. Аталарымыз: «Бейнетсіз ниғмет болмайды» деген. Тату-тәтті, жақсы қарым-қатынаста өмір сүру үшін қиындықтарға төзу керек және үнемі өзінікін дұрыс деп білмеу керек. Менікі дұрыс деп қасарыса беру араздыққа жол ашады. Кез келген отбасыда қиыншылықтар, жанжалдар болуы мүмкін. Мінсіз (идеальный) адам табу мүмкін емес. Сондықтан тұрмыс құрған кезде келеңсіз жағдайларға да дайын болу керек және сабыр ете алу керек.

«Ұяны ұрғашы құс құрады» деген даналық сөз бар. Үйді үй ететін әйелдер. Үйленгенде әйелдер «ұя бұзушы» емес «ұя құрушы» қасиеттерге ие екендігін ұмытпауы керек.

Үйлену адамды шикіліктен шығарып, піскен, пішінделген, жинақы бір халге келтіретін бірлестік. Бойдақтық сұлтандық болса, отбасы құру императорлық. АҚШ-та 1950-жылдары ажырасу саны 15% еді, қазіргі таңда 55% өсті. АҚШ үкіметі, университеттерді, отбасы бірлестігін нығайтуға, жаюға тұрақты түрде бағыттауда. Өйткені үйленбеушілік, некесіз қатынастар көптеген алып мемлекеттердің құлауына, тарих сахнасынан өшуіне себеп болған.