Untitled Document

Дүниедегі үстемдік

Адамның бұл дүниедегі үстемдігі, қадірі, абыройы – мал-мүлкі, атақ тегімен емес, керісінше білімі және әдептілігімен. Абыройлы адам – әдепке мән беретін және діннің әмірлеріне мойынсұнатын адам. Ал әдеп – өз орнын білу, шектен аспау деген сөз.

Жұмыс орнында, жанұяда, қоғамда, барлық жерде әр нәрсенің өз шегі бар. Адамдар осы шектерден аспайтын болса, өткінші өмір жаннат сияқты болады. Бүкіл реніштер, қиындықтар, қайғылар, бәрі шектен шығу салдарынан туындайды. Егер үй шаруасындағы әйел өз шегін білетін болса, яғни сол әдептілікті ұстанса, жаннат әйеліндей болады. Еркек те өз шегін білетін болса, сол шектің ішінде сөйлейтін, әрекет ететін болса, ол жер жаннаттай болады. Жарайды, онда шекті қалай анықтауға болады? Бұны білу ілім үйрену арқылы болады. Ілім үйренбейтін адам шегін біле алмайды. Хазреті Әли: «Маған бір сөз, яғни дінімізге қатысты бір мәселе үйреткен адамның құлы боламын» деген.

Сүйікті пайғамбарымыз да былай деген:

«Бір шәкірт діннен бір мәселе үйрену үшін үйінен шықса, ұстазының үйіне дейін жүрсе, "Бұл қадірлі құл менің үстімді бассын" деп періштелер қанаттарын оның аяқтарының астына төсейді. Көктегі барлық құстар, жердегі бүкіл жануарлар, теңіздегі барлық балықтар осы құл үшін: "Йа Раббым! Бұл құл сенің дініңді үйрену үшін жолға шықты, оны кешіре гөр!" деп истиғфар және дұға етеді.»

Бұл тек қана үйрену үшін барған адамға берілген сауап. Үйрету үшін барған адам әлбетте бұдан көбірек сауап алады.