Парыздардың маңыздылығы
Парыз ғибадаттардың жанында, нәпіл ғибадаттардың қадірі жоқ. Теңіздің жанында тамшыдай да емес. Шайтан мүминдерді алдау үшін парыздарды қадірсіз, нәпіл ғибадаттарды қадірлі қылып көрсетуде. Қазаларды орындатпай, нәпіл ғибадаттарға жол көрсетуде. Мысалы зекет бергізбей, садақа беруге ынталандыруда. Негізінде, зекет ниетімен кедейге бір алтын беру, жүз мың алтын садақа беруден де артық сауап. Өйткені зекет беру парыз. Ал сдақа нәпіл ғибадат. Көп мұсылмандар парыздарды қойып, нәпіл ғибадаттарды орындауда. Мысалы; мәуліт оқытуға, мешіт салдыруға, садақа және жақсылықтар жасауға көбірек көңіл бөліп, парыздарды, мысалы; бес уақыт намаз оқуға, қасиетті Рамазан айында ораза ұстауға, зекет беруге, қарыздарды төлеуге, халал-харамды үйренуге жеңіл қарап, қажетсіз деп білуде.
Тәубе ету
Әр күнәдан кейін дереу тәубе ету керек! Тәубе – күнә істегеннен кейін өкіну, Аллаһу та’аладан қорқу, қайталап істемеуге шешім қабылдау дегенді білдіреді. Аллаһу та’ала тәубе еткендерді жақсы көреді және тәубелерін қабыл етеді. Тіпті соңғы демде жаннат пен жаһаннамды көргеннен кейін барып тәубе ете алса да қабыл етіледі.
Соңғы демде тәубенің қабыл етілуі, тек осы үмметке ғана яғни Мұхаммед алейһиссаламның үмметіне ғана тән. Бірақ соңғы демде иман қабыл болмайды. Кейбір адамдар иман мен тәубені шатастыруда, иман қабыл болмайды деудің орнына, тәубе қабыл болмайды деген. Соңғы демде кәпірдің иманы қабыл болмаса да, күнаһар мүминнің тәубесі қабыл болады.