Untitled Document

Шаян мен өрмекшілер

* Шаяндар және кейбір өрмекшілер балаларын арқаларында тасиды. Шаян 60-қа жақын жұмыртқа жұмыртқалайды. Балаларының аяқтары жабысқақ болып келеді. Аналарының арқасына жабысады.
* Жұптасудан кейін, ұрғашы шаян еркегін жейді. Қаражесір өрмекшісі және дәуіт те еркегін жейді.
* Үш апта бойынша мұз қалыбында қатырылған шаян, мұз ерітілгенде жүріп, қайта қалыпты өмірін жалғастырады.
* Шаяндар бір жылдық аштыққа және сусыздыққа шыдай алады. Жұлынған мүшелері қайта орнына келеді. Радиация сәулелеріне қарсы өте қатты шыдау қасиеттері бар.
* Шаян мен өрмекшілер көруге қарағанда тию және сезу мүшелері болып табылатын қос мүйізшелерін сезімшіл радардай қолданады. Торға түскен қоректерін дірілдерінен сезіп, тұрған жерлерін анықтайды.
* Өрмекші торларының жіптері жібек болады. Бұл иірілген жіптері дәл сондай диаметрдегі болат сымдардан әлдеқайда мықты болып келеді. Тынық мұхитының оңтүстігінде өмір сүретін ірі өрмекшінің бір түрінің торысы, балық аулауда қолданылады.

Медосмотр

Медициналық тексеру кезінде жас жігіт әскерге жарамсыз болу мақсатымен көз дәрігеріне кіреді. Дәрігер тақтайшадағы әріптерді көрсетіп сұрайды:

- Мынау қандай әріп?
- Қай әріп?
- Мына тақтайшадағы әріптерді айтып тұрмын, көрмей тұрсың ба?
- Қандай тақтайша?
- Міне мына қабырғадағы ілулі тақтайша.
- Ол жерде қабырға бар ма не?

Ақыры әскерге жарамсыз болып шығады. Сол күні кешке әлгі жігіт кинотеатрға барады. Кино бітіп жарықтардың қосылуымен жанына қараса, күндіз өзінің әлгі қабылдауында болған дәрігерді көріп қалмай ма?! Дәрігер де оны танып қояды. Дәрігер енді сөйлей бастағанда, жігіт бірінші болып дәрігерден сұрайды:

- Кешіресіз ағай, қателесіп мінбеген сияқты едім ғой, бұл Айнабұлаққа баратын автобус емес па?