Untitled Document

Сұхбат - Харамдардан сақтану

Хазреті Имам Раббани былай деген:

Харамдардан сақтану екі түрлі болады:

Бірінші бөлігі; тек Аллаһу та’аланың ақысы болған, Оның әмірі болған тыйымдардан, күнәлардан сақтану.
Екінші бөлігі; адамдардың және басқа да махлұқтардың (жаратылыстардың) ақыларынан болған күнәлардан сақтану.

Екінші бөлігінің маңызы көбірек. Аллаһу та’ала еш нәрсеге мұқтаж емес және өте мейірімді. Ал құлдар, өте көп нәрсеге мұқтаж болғандарындай, сараң болып келеді.

Харамдардан қатты сақтану керек. Хадис шәрифтерде былай делінген:

“Мойнында құл ақысы болған, адамдардың мүлкіне, ар-намысына тиген адам, өлмей тұрып ақысын өтеп, халалдассын! Өйткені ахыретте алтынның, малдың қадірі болмайды. Ол күні ақыларын өтеп болғанға дейін өз сауаптарынан алынады, сауаптары қалмаса ақы иесінің күнәлары оған жүктеледі.”

“Харамдардан сақтаныңдар! Асқазанына харамнан бір тілім кірген адамның 40 күн дұғасы қабыл болмайды.”
“Бір адамның үстіндегі киімінде, харамнан бір түйір жіп болса, сол киіммен оқылған намазы мен дұғалары қабыл болмайды.”

Са’д бин Әби Уаққас хазреттері пайғамбарымызға:

- Йа Расулаллаһ! Аллаһу та'ала менің барлық дұғамды қабыл етуі үшін дұға етіңізші – дегенінде Расулуллаһ алейһиссалам:

- Дұғаларың қабыл болуы үшін халал азық жеңдер!- деп жауап берді.

«Жегені мен кигені харам болған көп адамдар бар. Ол адамдар қолдарын жайып дұға етеді. Мұндай дұға қалай қабыл болсын?»