Untitled Document

Практикалық мәліметтер

Көзілдіріктің винті шығып кете беретін болса, винттің кіретін тесігіне түссіз лак тамызылады.

  • Аяқ-киім аяқты қысатын болса, бірнеше минут буда ұсталады.
  • Қайшыны қайрау үшін, егеуқұм (наждак) қағазы қырқылады.
  • Пластикалық және шыны заттардың үстіне жабыстырылған заттаңбалардан (этикетка) құтылу үшін, үстіне маргарин жағып 15 минут күткеннен кейін, шүберекпен ысқаланып жуылады.
  • Кілемдегі темекі күйіктерін, үстін егеуқұм қағазымен сүртіп түзетуге болады.
  • Киім үтіктеуді оңай қылу үшін және үтіктеу уақытын қысқарту үшін, киім үтіктеу тақтайшасының қабының астына алюминьді фольга қойылады.
  • Кілемдердің үстіндегі іздерді кетіру үшін үстінде бір кесек мұз ерітіліп, үсті сыпырғымен сыпырылады.
  • Қабырғаға шеге қағылатын орынға айқастырып скоч жабыстырылатын болса, сылақтың жарылуының алдын алады.

Денсаулық...
Ана сүтінің маңыздылығы
Сәбилер үшін ең мінсіз, маңызды қорек болып табылатын ана сүті – семіздік, жүрек ауруы, аллергия, асқазан ауруы, орташа құлақтың қабынуы және диабет секілді маңызды аурулардан да сақтайтыны мәлім болды. АҚШ, Франция, Англия, Шотландия, Австралия, Финландия, Германия, Канада, Швейцария және Италияда жасалған зерттеулерде ана сүтімен қоректенген балалар мен жасанды сүтпен қоректенген балалар салыстырылып, нәтижесінде ана сүтімен азықтанған балалардың ақыл-ойы, бөтелкемен қоректенген балаларға қарағанда әлдеқайда жоғары деңгейде екендігі анықталды. Сол себепті Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы және Біріккен Ұлттар ҰйымыныңБалалар қоры (ЮНИСЕФ) барлық мемлекет әкімшіліктеріне балаларды ана сүтімен қоректендірудің маңыздылығын ескеруге үндеді.

Көз жасы

Қобалжуларға себеп болатын кейбір токсиндердің бір бөлігі көз жастарымен денеден шығып кетеді. Сонымен қатар көз жасы – көзді жұмып ашу арқылы болатын тұрақты үйкеліс себебінен көздің бұзылуының алдын алады.
Фрейдің зерттеулері бойынша, әйелдердің еркектерден көбірек өмір сүрулері, олардың көп және еркін жылауларына байланысты. Статистикалық мәліметтерге қарағанда, әйелдердің көз жастарын жинау мүмкін болғанда, 70 жастағы бір әйелдің көз жастары бір шелекті толтырады екен.