Untitled Document

Жаңадан ойлап табылған түскі ұйқы

Соңғы кездері түскі ұйқының пайдалары жөнінде көп айтылып келеді. Адамдар, бұрыңғы заманнан бері келе жатқан бұл ұйқыны жаңалық деп табуда. Қазіргі заманымызда түскі ұйқыға шарттар ыңғайлы болмаса да, түскі ұйқы үшін аздаған уақыт ажыратудың денсаулыққа және жұмысқа пайдасы өте көп екені айтылуда.
Түскі ұйқы – ислам әлемінде "қәйлулә" деп аталады, кезінде өміріміздің ажырамас бір бөлігі еді. Бұрыңғы кезде тіршілік күн шықпай тұрып басталатын, барлығы жұмыстарына, дүкендеріне, мектептеріне баратын. Кешке үйіне келіп, құптан намазын оқып ұйықтайтын еді.

Діндарлар сондай-ақ түнде тұрып, тәһәжжүд деген түңгі намазды оқитындары үшін, күндіз біраз уақыттық ұйқыға қажеттіліктері болатын. Хазреті пайғамбар, күндіз біраз уақыт ұйықтап алуды және оны мүминдерге тастамауды бұйырған. «Күндіздің алғашқы бөлігінде (таңертеңгісін) ұйықтау, ақылды азайтады, ортасында ұйықтау пайғамбарлардың және Аллаһ достарының әдемі мінездерінен, ал күннің соңында ұйықтау жалқаулық» деп айтқан. Түнде мүлдем ұйықтамай тек қәйлуләмен өмірін өткізгендер де аз емес. Имам Ағзам Әбу Ханифа, өзі туралы «құптан намазында алған дәретімен бамдат намазын оқиды» деген кәрі әйелдің хүсни занына (жақсы ойына) оның көңілін қалдырмау үшін 40 жыл түнде ұйықтамай, қәйлулә ұйқысымен ғана өмір сүрген.

Бұл ұйқының уақыты – түсте күн төбеге келуге дейінгі уақыт және төбеден төмен түсе бастағаннан екіндіге дейінгі уақыт аралығы. Сүннетті орындау үшін ұйықтау да шарт емес, сол ниетпен бес-он минут жатудың өзі де жеткілікті. Күн шығар кезде ұйықтаудың мәкрух екені, азанда ерте тұрмау ақыл мен ризықты азайтатыны, одан басқа бел ауруларына шалдықтыратыны айтылған. «Байлық азанда ерте тұрған адамдардікі» деген сөз де кеңінен тараған. Хазреті пайғамбар «Ерте тұрғандарға сүйіншілер болсын!» деген. Екіндіден кейін ұйықтау (фәйлулә), адамды есеңгіретуі мүмкін. Ал ақшам уақыты мен құптан уақытының аралығында ұйықтау, пайдасыз ұйқы. Негізінде ұйқының уақыты емес, сапасы маңызды. Жарты сағаттық түскі ұйқы, 2-3 сағат түңгі ұйқыға тең екені айтылуда.