Untitled Document

Басшыларға насихат

Хадис шәрифте былай делінген: «Басшыларыңды балағаттамаңдар! Егер жақсы басқаратын болса сауабы оларға, ал сендер рахмет айтуларың керек. Егер жамандық жасаса күнәсы оларға, сендер сабыр етулерің керек болады.

йткені басқарушылық никмет (жазаландыру арқылы марапаттау болып) саналады. Аллаһ қалаған құлдарын осы жолмен сынаққа салады. Одан келген никметті ашумен емес, сабырмен қарсы алыңдар!»
Хазреті Әли былай деген:

1. Халыққа әрдайым сүйкімді және сыпайы болыңдар!
2. Әркіммен әділ түрде қарым-қатынас жасаңдар!
3. Тарап тұтпаңдар, кейбіреулерді қолпаштамаңдар!
4. Қызметкерлерді таңдар кезде, залым адамға қызмет етпегендерді таңдаңдар!
5. Дұрыс, әділ және сыпайы адамдарды таңдаңдар!
6. Қызметкерлеріңе айлықты жететіндей етіп беріңдер!
7. Қызметкерлеріңді әрқашан бақылап тұрыңдар!
8. Халықтың сенімін ақтаңдар!
9. Ешқашан берген уәделеріңнен қайтпаңдар!
10. Ашуларыңды жеңе біліңдер! Ашулы кезде жаза беруден ұзақ болыңдар.

Тыныс алу жолдарының аурулары

Суық қыс айларында, тыныс алу жолдарының ауруларына байланысты пневмания ауруы артуда. Балалар мұрынмен демалуды білмейтіндері үшін ауызбен демалуда. Нәтижеде суық ауа жылымай өкпеге өтіп қабынуына себеп болады.

Негізінде, дем мұрынмен алынатын болса, ауа өкпеге барғанға дейін жылынады. Ауызбен алынған дем, өзімен бірге лас ауаны да өкпеге алып өтеді. Қабынған өкпеде пневманиядан бастап басқа ауруларға да жол ашылады.