Untitled Document

Күннің тарихы - Хазіреті Әлидің қайтыс болуы

Хазіреті Әли Расулуллаһтың “саллаллаһу алейһи уасаллам” әкесінің ағасы Абу Талибтің баласы еді. Ислам халифаларының және жаннатпен сүйіншіленген 10 адамның төртіншісі. Хижрадан 23 жыл бұрын Меккеде туылды. 10 жасында иман етті. Бүкіл соғыстарда қаһармандық танытты. Тек Ухуд соғысында 16 жерінен жарақат алды. Хижри 35 жылы Зүльхижжа айында халифа болды. 40 жылы Рамазан айының 17-сі жұма күні таң намазына бара жатып, Абдуррахман Ибни Мулжам атты харижит сектасының өкілі тарапынан кеудесіне қылыш ұрып шәһит етілді. (24 қаңтар 661) Қабірі Куфада Наджаф деген жерде.

Пайғамбарымыздың күйеу баласы. Әһли бәйттің біріншісі. Жүзі бидай түсті, ұзын мойынды, жарқын шырайлы, ірі және қара көзді, жалпақ кеуделі, ірі денелі еді. Сақалы қалын еді. Соңғы күндерінде шашы мен сақалы мақта секілді ағарған болатын.

Төрт халифаның үстемдіктері халифалық реті бойынша. Бір ретінде хазіреті Әли халифа кезінде жиналған халыққа былай деп бұйырды:

«Әбу Бәкір және Омар радиаллаһу анһума бұл үмметтің ең үстемі.»

Хазреті Омардың халифалығы заманында өте көп жерлер жаулап алынды. Бұлардың ішінде Иран жеңісінде Шах Йаздижардтың 3 қызы да тұтқындар ішінде еді. Хазреті Омар, хазреті Әлиден сұрады:

- Бұл тұтқын қыздарды не істейміз?

Хазреті Әли:

“Пайғамбарымыздан естідім, “Сұлтан отбасыларына өзгеше мәміле жасау керек” деген. Қаласаңыз бұл үшеуін Хазреті Әбу Бәкір, сіз және мен ұлдарымызбен некелестірейік.”-деді.

Хазреті Омар бұл ұсынысты қабыл етті. Бұл үйленгендерден бір бір ер балалар дүниеге келді. Бұлар Хазреті Әбу Бәкірдің немересі Қасым, Хазреті Омардың немересі Салим және Хазреті Әлидің немересі Зәйнәлабидин еді. Бұлардың үшеуі де өскенде Мадинаның мәшһүр жеті ғалымының ішіне кірді.