Untitled Document

Дүниеде жоқ бір күн

Қожанасыр мата бояу жұмысымен айналысып жүрген кезінде, өзін әзілкеш деп ойлайтын бір кісі Қожанасырға бір мата алып келіп былай депті:

– Қожеке, бұл матаны дүниеде жоқ бір түске бояшы.
– Дүниеде жоқ түс деген ол қандай түс?
– Қызыл емес, қара емес, жасыл емес, сары да емес, көк те емес, дүниеде жоқ бір түс,- депті әзілкеш.
– Мейлі, сіздің айтқаныңыздай етіп бояйын.
– Қашан келіп алып кетсем болады?
– Дүниеде жоқ бір күні. Яғни дүйсенбі емес, сейсенбі емес, сәрсенбі емес, бейсенбі емес, жұма емес, сенбі де, жексенбі де емес, осы күндерден басқа бір күні келіп ал кет!

Күн Суқұйғыш шоқжұлдызында

Бүгін 20-қаңтар. Күн Суқұйғыш шоқжұлдызына кіріп, қыстың екінші айы басталды. Күн бұл бұрышта 30 күн болады және ақпанның 19-күні Балық шоқжұлдызына кіреді.

Соңғы жылдардағы ғылыми және технологиялық жетістіктерге қарамастан қазір де адамдардың көпшілігі шоқжұлдыздарға қарап бал ашу сияқты қате сенімдерге сенеді. Өкінішке орай, газеттердің ең көп оқылатын айдарлары шоқжұлдыз және бал ашу айдарлары екені рас. Бұл қате сенімдер тек батыста ғана емес, бізде де кең таралған. Технологиясы шарықтаған АҚШ-та кәсіпке айналған.

Тағдырға сенетін, ғайып пен болашақты тек Аллаһу та’аланың білетініне сенетін мұсылман адам мұндай қате сенімдерден аулақ болады.

Ескерту: Шоқжұлдыздардың бар екендігі ғылыми шындық. алайда Шоқжұлдыздарға қарап, бал ашу және оған сену қате нәрсе.