Қашан өледі екен
Корольдің ұнатпайтын бір адамы бір күні әскерлердің біріне: «Сен екі күннен кейін өлесің» деп әзілдеседі. Кездейсоқты қараңыз, сол әскер екі күн өтіп шынымен аттан құлап өліпті. Осыны сылтау еткен король енді саған жаза беретін күн туды деп оны қасына шақыртып:
– Әскерімнің өліміне сен себепші болғаның үшін енді жазаңды тартасың,- дейді. Әлгі адам қорққанынан дірілдеп өзін жоғалта жаздайды. Сонда кароль күліп:
– Әскерімнің қашан өлетінін дәл тауып айтыпсың. Қанекей айтшы, өзіңнің ажалың қашан келетінін де білесің бе?- дейді мысқылдап. Корольдің жаман ниетін байқаған әлгі адам бір қулық жасайын деп:
– Әрине білемін, мәртебелім. Сізден екі күн бұрын өлемін,- дейді.
Король бұны естігеннен кейін оны өлім жазасына кесуден бас тартып, қызметшілеріне «Мына кісіге көз қарашығындай жақсы қараңдар!» деп бұйырыпты.
Қу адам өмірінің аяғына дейін сарайда рахат өмір сүріпті.

Камаздағы шелек
Бір жүк машинасының артында бір шелек тұр. Жаңбыр жауа бастады. Шелек, жүк машынасы тоқтап тұрған кезде тез тола ма, әлде жылдам кетіп бара жатқан кезде ма?