Күннің тарихы - Ақын, жазушы Қадыр Мырзалиевтің (1935-2012)даналық сөздері:
Ана тілің – арың бұл, Ұятың боп тұр бетте.
Өзге тілдің бәрін біл, Өз тіліңді құрметте!..
♦♦♦ ♦♦♦ ♦♦♦
Адам күліп тумайды, туа сала күлмейді.
Үйренеді күлуді, бірақ күліп өлмейді.
Адам жылап туады, жатады жұрт жұбатып,
Және жылап өледі, өзгені де жылатып.
Жылайтыны туарда – жамандар бар қинайтын,
Жылайтыны өлерде – жақсылар бар қимайтын.
♦♦♦ ♦♦♦ ♦♦♦
Адамның шашқаны емес – тергені,
Алғаны емес – бергені қалады.
♦♦♦ ♦♦♦ ♦♦♦
Жастығым өтті деп не керек уайым ғып,
Жігіттік дегенің – қартыққа дайындық.
Жылама, о, досым, жігіттік тәмәм деп,
Жыла сен қарттыққа дайындық жаман деп!
♦♦♦ ♦♦♦ ♦♦♦
Отаныңнан қанша шақырым ұзақтасаң,
Сонша шақырым рухани жақындай түсесің.
Құрметті оқырман!
Күнтізбе беттерінде Құран Кәримден аяттар, хадис шәриф мағыналары, діни мағлуматтар, ұлы тұлғалар және тәбәрік есімдер болғандықтан, құрмет көрсетіп, лайықты болмаған жерлерге тастамауларыңызды өтінеміз.