Untitled Document

Шайтанның тұзақтары.


  Ібіліс жер бетіне түскенінде Аллаһу та'аладан былай деп сұрады:
  – Йа Раб, мені қуып жерге түсірдің. Менің мұнда үйім жоқ.
– Үйің – моншалар болады.
–        Қай жерде жиналамын?
– Көшелер мен базарларда.
 – Тамағым не болады?
– Бисмиллаһ айтылмай желінген нәрселер.
–        Ішетін нәрсем не?
– Арақ-шараптар (Спиртті ішімдіктер).
–        Азаным не болады?
– Музыкалық аспаптар.
–        Кітабым не? Не оқимын?
– Әдепсіз (ұятсыз) өлеңдер.
–        Менің хадистерім не?
– Өтірік сөздер.
–        Тұзағыммен қақпаным не?
– Жаман әйелдер.
–        Төсектес досым кім болады?
– Бисмиллаһсыз төсекке жататындар мен маскүнемдер.
–        Сапарлас досым кім болады?
– Жолға шығарда Менің разылығыма қауышу үшін емес, өз нәпісінің қалауларымен жүретіндердің сапардағы досы боласың.
–        Көмекшілерім мен елшілерім кім?
– Бидғатшылар сенің көмекшілерің, сиқыршылар сенің елшілерің.
–        Бауырларым кім?
– Мүлкін ысырап ететіндер және жаман жолда жұмсайтындар сенің достарың болады.

Кешегі жұмбақтың жауабы: Ұстай алмайды. Мысық 5 рет аттағанда тышқан 15 қадам өткен болады. Мысық 6 рет аттағанда тышқан 18 қадам басады. Тышқан тағы да 2 қадам басумен тесікке кіреді. Ал мысық әлі соңғы аттамының тек 2/3-ін ғана өткен болады.