Су үшін тұрғызылған шіркеу
Хазреті Әли өзінің халифалығы кезінде Сыффин соғысына бара жатқанда, жолда шөлдеген әскері үшін су табылмай, ежелден ешкім көтере алмаған тасты жалғыз өзі көтереді. Астынан өте дәмді су шығады, барлығы ішіп шөлін қандырады. Болғаннан кейін хазреті Әли әлгі тасты өз орнына қайта қояды.
Осы оқиға болған жердің жанында бір шіркеу бар еді. Сол шіркеудің попы осы жағдайды терезеден көреді. Бірден төменге түсіп, хазреті Әлидің алдына келеді де былай деп сұрайды:
- Сен пайғамбарсың ба?
- Жоқ. Мен соңғы пайғамбар болған Мұхаммед алейһиссаламның халифасымын.
- Онда қолыңды бер, мен де мұсылман болайын.
Хазреті Әли қолын созады. Поп:
- Аллаһтан басқаның ғибадатқа ақысы жоқ екендігіне, Мұхаммед алейһиссалам Аллаһтың Расулы екендігіне және сені де Расулуллаһтың мұрагері екендігіңе куәлік еттім,- дейді.
- Осы жасқа дейін өз дініңді ұстанып жүрген екенсің. Енді не себепті біздің дінімізге кірдің?
- Ей мүминдердің әмірі! Бұл шіркеу мына тасты көтере алған адам үшін салынған. Біз кітаптарымызда оқыдық. Ғалымдарымыздан да естідік, бұл жерде бір бұлақ, үстінде бір тас бар. Бұл тасты тек пайғамбар немесе оның мұрагері ғана көтере алады. Сенің осы тасты көтергеніңді көргенімде бақытыма жеттім және жылдар бойы қүткеніме қауыштым.
Хазреті Әли бұл сөздерді естіген кезде жылай бастайды. Көздерінің жасынан сақалы суланады. «Аллаһу та'алаға хамд (шүкір) болсын, мені ұмытылғандардан емес, кітабында аты аталғандардан қылды!» деп шүкір етеді.
Күн Мерген шоқжұлдызында
Бүгін 22 қараша. Күн Мерген шоқжұлдызына кірді және күз маусымының 3-айы басталды. Күн бұл шоқжұлдызда 29 күн болады және 21-желтоқсанда Тауешкі шоқжұлдызына кіреді.