Untitled Document

Аллаһу та'аланың әділеттілігі


Мұса алейһиссалам бір кедейді көреді. Киетін киімі болмағаны үшін құмның ішіне кіріп алған екен. Мұса алейһиссаламға «Маған дұға ет, Аллаһу та'ала маған жеткілікті дүние берсін, өйткені жоқшылықтан шаршадым»- дейді. Мұса алейһиссалам дұға еткенінде Аллаһу та’ала ол адамға дүние-мүлік береді. Мұса алейһиссалам бірнеше күннен кейін әлгі кедейдің ұсталғанын және халықтың оның айналасына жиналғанын көрді. Себебін сұрағанында оған:
«Бұл адам шарап ішіп, төбелесіп, біреуді өлтіріпті. Енді оны жазалауға апарады» – деді.
Мұса алейһиссалам Аллаһу та’аланың әділетіне тағы бір рет иман етті және осы абайсыздығына истиғфар етті де, мына аяти кариманы оқыды:
«Егер Аллаһу та'ала құлдарына ризықтарын шамадан артық берсе, олар жер жүзінде қандай азғындықтар жасайтын еді.»
Бүкіл болмыстың жаратушысы болған – Аллаһу та’ала әркімге өзіне лайықты нәрсені берген. Сені бай етпеген Аллаһ, сен үшін қайырлы болғанды сенен жақсырақ біледі. Мүсәпір мысықтың қанаты болғанда, дүниеде торғайдың нәсілі қалмас еді. Есекте де өгіздің екі мүйізі болғанда, ешкімді жанына жолатпас еді.

 

Илаһи сыр
Аллаһу та’ала илаһи сырларды білдірмейінше оны періштелер де білмейді. Илаһи сырлар тұрғысындағы әлсіздігін білетін Әзірейілден Аллаһу та’ала сұрайды:
- Осынша уақыт жан алып келдің. Ең көп кімге жаның ашыды?
- Иә, Раббым, бір рет теңіз бетінде қолында баласы бар әйелдің жанын алып, тақтайдың үстінде қалдырып кеткен балаға қатты жаным ашыды.
- Осынша жан алдың. Кімнің жанын алған кезде қатты қуандың?
- Бір залым билеуші бар болатын. Жан-жағын қырған болатын. Соның жанын алғанда қуандым.
- Сен қуанған билеуші баяғыда теңізге қалдырып кеткен баяғы бала болатын.