Untitled Document

Үйдегі қауіпті заттар 


Бір реттік пакет шайы, фольга, баклажка, пластмас стакан...

  1. Метал степлермен жабылған пакеттегі бір реттік шайларды ішпеңіз! Жіппен байланғанын таңдаңыз!
  2. Консерві банкаларының ішкі беттері пластикалық затпенен қапталған болса ғана стандартқа сай болады.
  3. Ұзақ уақыт сақталған азық өнімдерін қолдану өте қауіпті.
  4. Алюмин фольгаларды тағамды пісіру кезінде және сақтау кезінде қолданбаған жөн.
  5. Пластикалық ыдысар да денсаулыққа зиянды. Олардың орнына шыны ыдыстарды қолданған жөн. Қыштан жасалған ыдыстарды да қолдануға болады.
  6. Пенопласттан, пластмастан жасалған бір реттік стакандар және

ыдыстарды ыстық тағамдармен сусындарда тұтынуды міндетті түрде тоқтату керек.

Шайтанның айласы


Атақты әулиелердiң бiрi Баязид Бистами бiр күнi қатты ұйқы басып, таң намазына тұра алмайды. Бұған қатты қайғырып, тәуба етіп, жылап жатқан кезінде бiр дауыс естидi: «Ей, Баязид, бұл кемшiлiгiңдi кешiрдiм, осы көз жасымен жасаған тәубаңның берекетi үшiн саған тағы да жетпiс мың намаздың сауабын бердiм». Бiрнеше ай өткен соң тағы да таң намазында ұйықтап қалады. Шайтан келiп: “Тұр, намазың қазаға қалып қояды, тұр”- деп оята бастайды. Сол кезде хазреті Баязид былай дейдi: “Ей, лағынеттелген шайтан, сен бұл iстi қалайша iстеп тұрсың? Сен әркiмнiң намазын оқымауы үшiн, қазаға қалдыруы үшiн тырысатын едiң, менi қалайша оятып тұрсың?”. Шайтан былай жауап береді: “Сен өткенде, таң намазын қаза етiп қойған күнi, жылап жетпiс мың намаздың сауабын алған едiң. Бүгiн соны ойлап, бiр-ақ уақыт намаздың сауабын алсын деп сенi ояттым, оның орнына жетпiс мың намаздың сауабын алып қоймасын дедiм.”