Еуропадағы әйел
Капиталистік батыстың қазіргі табынатын нәрсесі – ақша, қара бастың қамы. Бастапқыда ауыздарынан тастамайтын демократия, адам құқықтары, әйел құқықтары сияқты нәрселердің барлығы жалған.
Батыстықтардың ең көп тоқталатын мәселесі әйел мәселесі. Негізінде әйел құқықтарын қорғау түсінігін ұсынумен қатар әйелдерге зұлымдықты ең көп жасайтын да өздері. Мұны зұлымдық көріп жүрген әйелдердің өзі де сезбейтіндей еткен.
Францияның атақты ақыны Мадам Мардироус мұсылман әйелдеріне былай деп үн қатады:
«Өздеріңе берілген, көрсетілген нығметтердің қадірін біліңдер. Бұл жақта әйелге теңдік деген атпен жасалып жатқан қастандықтарды сендер білмейсіңдер. Иә, жарық пен гүлдермен безендірілген салтанатты шеруге бару өте керемет көрініс. Әйелдерге берілген бір құқық сияқты көрінеді. Негізінде мұндай жерлер әйелдер езгіге салынатын, еркектерге ұсынылатын, құмарлықтың қанағаттандырылатын жерлері болып табылады. Мұсылман еркектеріне айтамын: Әйелдеріңізге, қыздарыңызға осыларды түсіндіріңіз. Бұлардың әйелдерге жасалған жақсылық екендігіне сеніп қалмасын. Бұларға қызықпасын».
Енді француз жазушысы Куитардтың әйелдер туралы айтқандары:
«Шайтанның істей алмағанын әйел істейді».
«Әйел - еркекті тұзаққа түсіретін өрмекші».
«Әйелдің денесінің үстіндегі бас – шайтанның басы».
«Әйелі бардың арасы бар деген сөз, оны әрдайым шағып отырады».
«Әйел күнтізбе сияқты, тек бір жылға ғана жарайды».
«Әйел тілі кесілсе де сөйлейді».
«Жақсы әйел – басы жоқ әйел».
«Әйелді ұруға болады, бірақ өлтіруге болмайды».
Міне, аса демократиялы батыстың әйелге деген көзқарасы осындай!
Ал Пайғамбарымыздың айтқан сөздерінен бірнешеуін келтірсек:
«Ахиретте күйеуі ұрған әйелдің жақтаушысы мен боламын».
«Мұсылмандардың ең жақсысы – әйеліне жұмсақ мәміле жасаған және пайдалы болған адам».
«Әйелдеріңді жәбірлемеңдер! Олар Аллаһу та’аланың аманаты. Оларға жұмсақ қараңдар, жақсылық жасаңдар!».
«Жұмақ аналардың аяғының астында!».
«Екіқабат әйелдер, сәбилерін мейіріммен емізіп отырған омыраудағы әйелдер, жолдасына қиянат жасамайтын, оған қоса намаз оқитын әйелдер, сөз жоқ, жұмаққа барады» Түсіне білген адамға бұдан алар ғибрат мол!