Байдың мүлкі
Тарихта, дүние-мүлік жинап, қалдырып кеткендердің мысалдары өте көп кездеседі.
Бұлардың ең танымалдарының бірі – Мұса алейһиссаламның заманында өмір сүрген және туысқаны боп келетін Харун болып табылады. Оның қазыналарының тек кілттері 40 қашырға (есек) жүк болатын көлемде еді. Ол Мұса алейһиссаламнан химиялық жолмен алтын жасауды үйренді. Байығаннан кейін зекетін бермеді және пайғамбарға жала жапқаны үшін, алтын сарайлары, мал-мүліктерімен бірге жерге батты.
Әміршілерден Бағдат әкімі Сұлтан Ахмед те байлық жинады. Мүліктерін, алтындарын тас сандықтарға салғызды. Бір түні, Дижла өзеніне алып барып, өзеннің терең түбіне түсірді. Сандықтарды қайда тастағандарын айтпасын деп, бұл жұмысты істегендердің барлығын өлтіртті. Өзі қайтыс болғанда, бүкіл байлығы Дижла суының түбінде қалды. Өзінің ұрпақтары да құрып кетті.
Тағы бір мысал, Хорасан әмірі Мырза Шахрух та мал-мүлік жинады. Ол да осылар сияқты өлді...
*** *** ***
Ғалымдардың бірінен «Патшаларға байлық керек пе?» деп сұралғанда:
«Патшалардың негізгі байлығы елді әділ басқаруымен халықтың игі дұғасын алуы.» деп жауап берді.
Күннің тарихы...
Балкан соғысы
Болгария, Сербия, Греция және Черногория елдерімен Осман мемлекетінің арасында болған соғыс. Осы төрт одақтас мемлекет Ресейдің жәрдемімен Түркияның Еуропадағы жерлерін бөлісуге шешім қабылдап, 8 қазан 1912 жылы Түркияға шабуылдады. Македония және Фракиядағы біраз жерлер жаулап алынды.
Болгария әскері Стамбулдың дәл жанындағы Чаталжада ғана тоқтатылды. 1913 жылы Болгария мен Греция араларында шыққан II Балкан соғысының соңында Түркия Едирнені қайтарып алды.