Untitled Document

Ресейде алкоголь пәлекеті


The Lancet медициналық журналының мәлімдеуінше: Ресейде жұмысқа жарамды жастағы орыс еркектері арасындағы өлімдердің 43 %-ы алкогольден және алкогольге байланысты аурулардан туындағаны білдірілді. Профессор Дэвид Леон басқаруындағы 72 ағылшын дәрігерлері Уралдағы Лжевск облысында 25-54 жас аралығындағы еркектердің өлімдерін зерттеді. Нәтижесінде спирттік ішімдік ішкендердің өлім қаупі, ішпегендерге қарағанда 6 есе артық болғандығы анықталды. Және де алкогольді ішімдіктің орнына әтір, иіссу, терезе жуғыш сұйықтар және осы сияқты сұйықтарды ішкендердің саны 9 есе, арақ ішкендердің саны 17 есе артқан. Ресейдегі бұрынғы Ішкі істер министрі Рашид Нургалиевтің айтуы бойынша Ресейде алкоголь қолданымы және бұдан туындаған өлімдер, мемлекеттегі халықтық трагедияға айналған жағдайда. Орыстардың алкогольге берілгендігі көлік апатынан келген өлімге, уақытынан ерте өлік босануда, қылмыс және зорлық жағдайларда, отбасы іші зорлық және адам өлтірулерде дүние жүзінде бірінші орынға ие болуға лайық. Ресей Федерациясының ресми статистикасы бойынша: «Әр үш орыс еркегінің бірі және әр жеті орыс әйелінің бірі маскүнем.»
Дүниежүзілік Денсаулық сақтау ұйымының баяндамасы бойынша Ресейде алкогольді ішімдік қолдану %40-ға артқан. Сыра қолдану да жастар арасында кең етек алды және Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының мәлімдеуі бойынша 1990 жылға дейін сыра қолдану %20 болса, қазіргі таңда %40-ға артқан. Дүние жүзі бойынша алкогольге қатысты өлім бойынша Ресей бірінші орында және АҚШ-тан 20 есе көп.



Кешегі жұмбақтың жауабы: Екі жағдайда да астындағы құмыра суға 8 см батады.