Untitled Document

Тәкаппарлықтың зияны


Күнәға бір тәубе жеткілікті, жақсы амалдарда тәубе жеткіліксіз. Күнә істеген адам тәубе етсе Аллаһу та'ала кешіреді. Бірақ, ғибадат еткен адам, тәкәппарлыққа түсуі мүмкін. Бұған тіпті мың тәубе де жеткіліксіз. Исраил ұлдарынан бір пасық (күнәһар) адам болады. Сол кездері бір абидтің (әрдайым ғибадат ететін адамның) да көп ғибадат етуі арқылы аты шығып, абырой табады. Пасық осы абидтің жанынан өтіп бара жатып, «Осы абидтің жанына барып отырайыншы, мүмкін Аллаһу та'ала оның құрметіне мені кешірер» деп ойлайды. Барып абидтің жанына отырады. Ал абид болса, үстінде бұлт көлеңке қылып тұрған адам болғаны үшін, менменсіп, «Бұл күнәһар менің жанымда отыруға лайық емес» деп, одан бетін бұрады. Абидтен ілтипат көре алмаған пасық, мұңайып орнынан тұрып кетіп қалады. Бірақ, абидтің үстіндегі бұлт пасықпен бірге кетеді. Аллаһу та'ала сол заманның пайғамбарына «Адамдарға ниеттеріне қарай мәміле жасаймын. Пасықтың күнәларын оның осы жақсы ниеті үшін кешірдім. Ал абидтің ғибадаттарын тәкәппарлығы үшін жоқ қылдым» деп білдірді.

Алматы метросы


Алматы қаласы метрополитеннің құрылысы 1988 жылы 7 қыркүйекте басталды. Кеңес Одағы ыдыраған кезден бастап метроның құрылысы біраз уақыттар бойы тоқтап қалды. Кейіннен Алматы қаласындағы көлік қозғалысы жүйесін реттеудің кезек күттірмес мәселе екендігі белгілі болғанындай тоқтап қалған метроның құрылысы қайта жалғасты. Былтыр 2011 жылдың 16 желтоқсанда еліміздің тәуелсіздігінің 20 жылдығына орай алғашқы бөлігінің ашылуы болды. Метрополитеннің үш бағытының ұзындығы 45 км. болады. Ұзындығы 8,56 км. құрайтын алғашқы бағыт 7 бекеттен тұрады (оның ішінде төртеуі терең, қалғандары таяз орналасқан). Бағыт Райымбек даңғылынан оңтүстікке қарай Фурманов көшесінің астымен Абай даңғылына, одан әрі батысқа қарай Гагарин даңғылына және Жароков көшесіне дейін тартылған.