Ата-анаңды мұра үшін емес, Құдай үшін бақ (2)
Ертеңіне тағы да түсінде: «Пәлен жерде он алтын бар, барып ал» делінеді. Жігіт ол алтынның берекесі бар-жоғын сұрайды. Берекесі жоқ делінгеннен кейін тағы да бармайды. Үшінші түні тағы түсінде: «Пәлен жерде бір алтын бар, соны ал да қажеттіңе жарат» делінеді. Ол алтынның берекесін сұрағанында «Өте берекелі» деген жауап алып оянады. Дереу түсінде айтылған жерге барып, бір алтынды алып базарға барады. Базардан екі балық сатып алады. Үйіне әкеліп ішін жарған кезде, балықтардың екеуінің де ішінен өте құнды және екі дирхәм салмағында қызыл гауһар тастың жатқанын көреді. Бұл гауһар тастардың біреуін базарға апарып сатқысы келеді. Бірақ оны сатып алуға ешкімнің шамасы келмейді. Соңында, отыз мың алтын құнымен сол елдің әміріне сатады. Қуанышпен үйіне келіп Аллаһу та'алаға шүкіршілік етеді. Әлгі әмір гауһар тастың екінші сыңарын іздейді, бірақ еш жерден таба алмайды. «Біріншісін сатқан жігіттен сұрайық, бәлкім ол жігітте екіншісі де бар шығар» деген оймен жігітке келеді. Сөйтіп жігіт екінші гауһарды жетпіс мыңға сатып, асқан бай болады. Түнде ұйықтап жатқанда түсінде оған:
«Ей жігіт, Аллаһу та'аланың саған деген мұнша ілтипаты мен ихсаны (сияпаты), қарауға мұқтаж болған әкеңе шын ықыласыңмен қарағаның үшін берілді. Ал ақыретте берілетін ихсанды айтып жеткізу мүмкін емес» делінеді.
Құбыла Сағаты
Күнтізбемізде әр қала үшін берілген «Құбыла сағаты» қатарындағы уақыттарда күнге қарап тұрған кісі құбыла бағытына қараған болады. Өйткені күн бір тәулікде бір рет Қыбланың үстіне сәйкес келеді.
Кейбір қалалардың құбыла сағаты орнына (-) сызықша қойылған. Бұл сол қалаларда күннің Қыбла бағыты үстінен өтуі күн батқаннан кейін жүзеге асатынын және күндіз күнге қарап қыбла бағытын анықтау мүмкін еместігін аңғартады.