Untitled Document

Шәууәл айында ораза


Ораза ұсталып жатқан айдың алғашқы және соңғы күндері Рамазан айына сәйкес келетіні нақты белгілі болмаса, яғни ораза жаңа ай көрінгеннен емес, күнтізбеге қарап ұсталып жатса, онда ол күндер шүбәлі (күмәнді) болып саналады. Осы себепті Рамазанның жаңа айын көрмей, оразаны күнтізбелерге қарап бастаған жерлерде Рамазан айының басталғаны күмәнді болуда. Рамазан екені күмәнді болған күндерде ұсталған ораза – сахих (дұрыс) болмайтындықтан, ондай жерлерде Айттан кейін екі күн оразаның қазасын тұту керектігі Бахр, Хиндийа, Қазыхан сияқты сенімді кітаптарда жазылған.
Әр уақытта ораза ұстау сауап. Бірақ Шәууәл айында ұсталған оразаның сауабы ерекше көп болады.
Хадис шәрифтерде былай делінеді: «Ораза – тозақ отынан сақтайтын қалқан.»
«Рамазан оразасын және Шәууәл айында 6 күн ораза тұтқан адам бір жыл ораза ұстаған болып саналады.»
«Рамазан айының оразасы 10 айға, Рамазаннан кейін 6 күн ұсталған ораза 2 айға тең болады, осылайша бір жыл ораза тұтқанның сауабы беріледі.»
«Рамазаннан кейін Шәууәл айында 6 күн ораза ұстаған адам анасынан туылған күндегідей күнәсіз болады.»
Бұл оразаларды арасын бөліп ұстауға да болады. Шәууәл айында тұтылатын нәпіл немесе қаза оразаларды, дүйсенбі және бейсенбі күндері ұстаған жақсырақ болады.
Хадис шәрифте былай делінеді: «Амалдар дүйсенбі және бейсенбі күндері Аллаһқа ұсынылады. Мен амалымның аузым берік болған уақытта ұсынылғанын қалаймын.»
«Дүйсенбі және бейсенбі күндері күнәлардың кешірілетін күні болғандықтан ораза ұстаймын.»
«Жұмақтың есіктері дүйсенбі және бейсенбі күндері ашылады.»