Әһли сүннет ғұламалары былай дейді:
Адамның ертеңі былай тұрсын, алдағы бес минуты, тіпті бір секунды да белгісіз. Бәрінен де бұрын, әр сәтте Аллаһу та’алаға мұқтажбыз. Адамға ең қажетті нәрсе – ауа, бірақ Аллаһу та’аланың құдіреті әр сәтте керек. Яғни Ол, ауадан да маңызды. Әр сәтте өмірде қала алуымыз үшін шарт. Бүкіл әлем әр сәтте Аллаһу та’алаға мұқтаж.
Аллаһу та’алаға қарсы шығу, ойға кіретін, ақылға да сиятын нәрсе емес. Әр сәтте Оған мұқтажбыз, Оның құдіретімен бар болып жүрміз. Ол бізді жоқтан бар етті, бізге несібе-ризығымызды беруде, әр түрлі апаттардан қорғауда. Аллаһу та'ала бұл ниғметтердің өтемі ретінде бізден бір-ақ нәрсе талап етуде – иман келтіру: «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун Расулуллаһ» деп айту. Бұл сөзді ықыласпен айтып, иманымызды сақтап, осы иманмен өлетін болсақ, қаншалықты күнәһар болсақ та, шапағат бар. Мүмкін азап бар, бірақ мәңгі отта жану жоқ. Адам иман келтірсе немесе Аллаһ сақтасын, жоққа шығарса, ризығында, ажалында еш өзгеріс болмайды. Яғни бұл нәрселер үшін я жәннатқа, я тозаққа кетеді.
Иман келтіргеннен кейін, Аллаһу та’аланың әмірлері мен тиымдарына бағыну керек. Ғибадат етіп, харамдардан сақтану керек. Бірақ, иман келтірсе де күнә жасағандар, күнәлары сауаптарынан көп болғандар, иманын сақтап өлетін болса тозақтан құтылады, соңында жәннатқа кіреді және сонда мәңгі қалады.
Ақыр заманда фитна, азғындық, бүлік көп болады. Дінімізді үйрену немесе күн көріс жағы өте қиын болады. Адамдар үйіне бір дін кітабын әкеле алмайтын жағдайға келеді. Көшеде дінімізге сай киіне алмайтын жағдайға келеді. Ғибадаттарын ашық түрде орындай алмайтын жағдайға келеді. Сол уақыттарда Әһли сүннет уәл жамағат жолында болып, дінімізге қызмет еткендер, істеген қызметтерін аз деп санамауы керек. Әһли сүннет ғалымдарының кітаптарынан бір кітапты біреуге бергенде, алған адамның бәлкім өмірі түбегейлі өзгермес, бірақ қате сенімінен қайтады, «Аллаһ бар» дейтін болады, «Пайғамбарымыз хақ» дейтін болады, «Лә илаһә иллаллаһ, Мухаммәдун Расулуллаһ» деп айтады, «Біздің жүрген жолымыз дұрыс емес екен» дейтін болады. Міне, осылай қаншалықты күнәһар болса да, мәңгі отта жанудан құтылады. Қызмет деген осы емес пе?