Untitled Document

Хазреті Әбу Махзура (2)


Расулуллаһ сипаған маңдайына түскен шаштарын мүлдем қысқартпады. 59 жылғы өліміне дейін Меккеде муәззиндік қызмет атқарды. Өзінен кейін Мәсжиди Харамда азаншылық міндетті баласы және немерелері жүз жылдап жалғастырды. Құрайштың шежіресін жақсы білген Әбу Махзурадан хадис шәрифтер риуаят етілген. Азан және қамат жайындағы риуаяты барлық жерде мәшһүр. Ханафи Мазһабындағы мұсылмандар осымен амал еткен.

Ғибрат...
Ешкім көрмейтін жерде
Хазреті Жунәйд Бағдадидің бір шәкірті бар еді. Бұл шәкіртінің жан дүниесі бүкіл жақсылықтар мен ізгіліктерге толы еді. Кейіннен келуіне қарамастан хазреті Жунәйд Бағдади оны өте қатты жақсы көретін, ал басқа шәкірттері мұны көре алмайтын. Шәкірттерінің бұл жағдайы Жунәйд Бағдадиге белгілі болады. Шәкірттерінің қолдарына бір-бір тауықтан ұстатып, «Әр қайсың осы тауықтарды ешкім көрмейтін бір жерде бауыздап маған әкеліңдер» дейді. Барлығы өздеріне берілген тауықтарын аяқ баспаған, ешкім көрмейтін түкпір жерлерде бауыздап алып келеді. Тек әлгі шәкірті ғана бауыздамай алып келеді. Жунәйд Бағдади «Не үшін бауыздамадың?» деп сұрайды. «Ұстаз! Сіз тауықтарды ешкім көрмейтін жерде сойыңдар» деген едіңіз. Ал мен ондай жер таба алмадым. Барлық жерді Аллаһу та'ала көріп тұр» деген кезде Жунәйд Бағдади шәкірттеріне қарап: «Достарыңның үстемдігімен, парасатын  көрдіңдер ме?» дейді. Бұны естіген шәкірттері өкініп, хазреті Жунәйд Бағдадиден кешірім сұрайды.