Untitled Document

Шахи Зинда кесенесі

Шахи Зинда – Өзбекстанның Самарқанд қаласындағы Афрасияб тауының етегінде, төменнен жоғары жүргенде көтерілген баспалдақты жолдың екі жағында орын алған кесенелер топтамасына берілген атау. Бұл кесенелердің көбі 14-15 ғасырлардан қалған және Әмір Темірдің отбасынан болғандарға және жақындарына салынған. Бұлардан Қусам бин Аббастың (радиаллаһу анһ) кесенесі, Әмір Темір дәуірінен бұрын салынған. Самарқандқа Исламды әкелген сахабалардың бірі Қусам бин Аббас 672 жылы Құрбан айт күні шәһит болған. «Шәһиттер сендер білмейтін өмірде тірі» деген аятқа сүйеніп, бұл жер Шахи Зинда (тірі шах) деп аталған.
Ұлықбектің салдырған, тау етегіндегі дарбазадан өткен кезде Шахи Зиндаға кірілген болады. Кіруімен қара көк, қою және ашық жасыл, қара, сары, ақ, қарақошқыл және көгілдір түсті фарфорлар шағылысып көзді алады. Бұл жерде екі мешіт және бір медресе бар. Шахи Зинда кесенелері жалпылама квадратты құрылымдардан тұрады және ең көз тартатын қасиеті – күмбездерінің өте биік және қауын пішінді болуы. Екінші бір қасиеті - Әмір Темір заманының ең бай әшекейлерінің жиынтығынан құралғаны. Әшекейдің көп бөлігі фарфордан жасалған. Жазулары барынша әшекейленген кесенелер тек сыртқы көркемдігімен ғана емес, фарфор қаптамаларымен сәулетшілік өнерінің өзара үйлесуі жағынан да ерекше әдемі көрініске ие.

VII Қысқы Азия Ойындары

     Былтыр 30 қаңтар – 7 ақпан аралығында  елімізде VII Қысқы Азия Ойындары болып өтті. Мемлекетіміз бұл маңызды ісшараны  жоғары деңгейде атқарып, жарыс сындарында да үздік 
нәтижелерге қол жеткізуі арқылы Қазақстанның атын әлемге паш етті. Қазақстан құрамасы жеңіп алған  бас жүлде және басқа да медальдар саны жағынан қысқы Азия ойындарының рекордын жаңартты. Бұған дейін Азиядада ең көп алтын алған
Жапония құрамасы еді. Күншығыс елінің өкілдері 1986 жылы Саппорода тұсауы кесілген аталмыш додада
29 рет жеңіске жеткен болатын. Ал, біздер 2011 жылы 32 рет әнұранымызды шырқаттық. 2003 жылы Аомориде жапондар 67 медальды иеленсе, Қазақ елінің өкілдері Астана мен Алматы қалаларында өткен жарыста 70 медальды олжалап бас жүлдені иелік етті.

     Халықаралық Олимпиада комитетінің президенті Жак Рогге мырза да  Қазақстанның 2022 жылғы қысқы Олимпиада ойындарын қабылдауға  мүмкіндігі мол  екенін атап айтты.  Қазақстан оған 7-Қысқы Азия ойындарына салынған спорт нысандарының арқасында қол жеткізіп отыр. Келесі 2015 жылғы VIII Қысқы Азия Ойындарын ұйымдастыру құқығы қысқы Азиаданы өткізуден тәжірибесі мол Жапонияның Саппоро қаласының еншісіне тиді.

     VII Қысқы Азия Ойындары жүлделерінің жалпы қорытындысы:

 

Мемлекеттер

Алтын

Күміс

Қола

Барлығы

1.

Қазақстан

32

21

17

70

2.

Жапония

13

24

17

54

3.

Оңт. Корея

13

12

13

38

4.

Қытай

11

10

14

35

5.

Монғолия

0

1

4

5

6.

Иран

0

1

2

3

7.

Қырғызстан

0

0

1

1

8.

Солт. Корея

0

0

1

1