Untitled Document

Пайғамбарымыздың хаты (1)

Аллаһу та’ала адамдарға әрдайым мейірімділік, рақымдылық және кешіріммен қарым-қатынас жасауды, өздеріне зұлымдық еткендерді кешіруді, әрдайым күлімдеген жүзді және жылы сөзді болуды, сабырлы болуды, жұмыстарында әрдайым достықпен татулықты әмір етуде.
Нағыз мұсылмандар өзге діндердің барлығына үлкен қайырымдылық көрсеткен, христиандар мен яһудилерді зорлықпен мұсылман қылу және олардың ғибадатханаларын жоюдың орнына олардың шіркеулерін жөндеуіне жәрдем берген.
Пайғамбарымыздың  осы мәселеде бүкіл мұсылмандарға үндеп жаздырған бір хаты мынадай:
«Бұл жазба, Абдуллаһ ұлы Мұхаммедтің бүкіл христиандарға берген сөзін айқындау үшін жазылған. Аллаһу та’ала, өзін мейіріммен сүйіншілеген және адамдар алдындағы аманатты сақтаушы қылған Мұхаммед (алейһиссалам) бұл жазуды мұсылман болмағандардың бәріне берген уәдесін (ахд) құжаттандыру үшін қағазға түсірді.
Кімде кім осы уәдеде көрсетілгендерге қайшы әрекет жасайтын болса, қаласа ол сұлтан, қаласа өзге біреу болсын, Аллаһу та'алаға қарсы шыққан және ислам дінін мазақ еткен болып саналады және Аллаһу та’аланың лағынетіне лайық болады. Егер бір христиандық поп немесе саяхатшы (турист) тауда, сайда, шөлдік жерде, көгалда, төмен жерлерде, құм ішінде ғибадат үшін оразаларын ұстаса, өзім, достарым және бүкіл ұлтыммен бірге олардан әр түрлі міндеттерді алып тастадым. Олар менің қорғауымда. Мен оларды басқа христиандармен жасасқан келісімдерге сәйкес, өтеулері қажет болған бүкіл салықтардан босаттым. Хараж бермесін немесе көңіл разылығы шамасына қарай берсін. Оларға зорлық көрсетпеңдер, жәбірлемеңдер! Олардың дінбасыларын өз тақтарынан түсірмеңдер! Оларды ғибадаттарын орындап жатқан жерінен шығармаңдар! Олардың саяхатшыларына кедергі болмаңдар! Олардың монастырларының, шіркеулерінің еш жеріне тиіспеңдер!
Олардың шіркеулерінен ешнәрсе алынып мұсылман мешіттерінде қолданылмасын! Бұған бағынбаған адам Аллаһу та’аланың және Расулының сөзін тындамаған және күнәға батқан болады.

(жалғасы ертең)