Untitled Document

Хақ та’аланың разылығы

Бір күні хазреті Омар бір жерге әкім (уәли) болып тағайындалған адамға:
- Ертең мешітте мені күт! Саған жақсы әкімнің қандай болуы керек екенін, жетістікке қол жеткіздудің жолдарын түсіндіремін,- дейді.
Барлығы қандай насихат айтады екен деп қызығады. Ертеңіне Сахабалардың барлығы жиналады. Әкім келгенде хазреті Омар оған қарата былай дейді:
- Егер жетістікке қол жеткізгің келсе, намазыңды уақыты кіргенде және тадили әрканмен оқы! Рамазан шәриф айы келгенде оразаңды тұт. Қажылық уақытында қажылыққа бар! Зекетіңді толық бер! Шаһадат кәлимасын көп айтып жүр, иманыңды қорға!  Ал, енді сау бол! Аллаһу та’ала жәрдемшің болсын!
- Йа әмирул-муминин, сіздің айтқандарыңыз онсыз да Исламның шарттары ғой. Мен басқа насихаттар айтарсыз, басшылық жайында жетістікке қол жеткізудің жолдарын үйрететерсіз деп ойлаған едім.
- Аллаһу та’аланың бұйырғаны бойынша Исламның шарттары бесеу. Мен бұны алты қыла алмаймын ғой! Бұл бес шартты дұрыстап орындаған адам жетістікке жетеді.
Біз де Исламның бес шартын ең жақсы түрде орындауымыз қажет. Жетістікке жетудің шарты осы. Сондықтан қатты қуанайық, көп шүкір етейік, рахатымызға қарайық. Бұл иманды бізге Аллаһу та’ала ұнатып, таңдап жеке өзі берді. Біреу арқылы берген болса да, Аллаһ нәсіп етпесе, нәсібі жоқтар пайғамбарды көрсе де  иман келтіре алмайды. Аллаһу та’ала бұл құн жетпес гауһарды, қазынаны бізге нәсіп еткен екен, бұл біз үшін ерекше мәміле, жеңілдік. Бұл гауһарды, бұл қазынаны сақтау ендігі бізге қалды. Сол үшін жақсы адамдармен көрісуге және араласуға тырысайық. Аллаһу та'ала өзінің разылығын құлдарының ризашылығына байлаған. Аллаһу та’аланың құлдарын разы қылған адам, Аллаһу та’аланы да разы еткен болады. Оларды ренжіткен адам Аллаһу та’аланы да ренжіткен болады.
Бір күні адамдар пайғамбарымызға келіп:
- Йа Расулаллаһ, мына жерде бір әйел бар, күндіз-түні ғибадат етеді. Бірақ, тілінің ащылығымен адамдарға күн бермеуде. Көршілеріне де жәбір көрсетуде,-дейді. Пайғамбарымыз:
- Оның барар жері – жаһаннам, – деп жауап береді.
Олай болса, барлық адаммен жақсы қарым-қатынаста болып, ешкімді ренжітпеу керек. Ешкім бізден шағымданбауы керек.