Untitled Document

Күнде орындалатын 10 парыз

Таң атқаннан күн батқанға дейін осы он нәрсені орындау адам баласының мойнына парыз:
* Ұйқыдан тұрғанда Аллаһу та’аланы еске алу және Оған хамд және шүкір ету. Тур сүресінде: «Ұйқыдан оянған кезіңде де Раббыңа хамдпен тәсбих және тәнзих ет!» - делінген.
* Әурет жерлерін жабу.
* Жүніп болса ғұсыл алу. Намаз үшін дәрет алу.
* Аллаһқа тәуәккүл ету.
* Намаз уақыты кіргенде, намазын толық етіп оқу. «Ниса» сүресінде былай делінген: «Намаздарыңды толық және дұрыс оқыңдар! Өйткені, намаз мүминдер үшін уақыттары белгіленіп парыз етілген.»
* Ризық мәселесінде Аллаһқа сену. «Худ» сүресінде: «Жерде жүрген  жандыларлың ешбірін тыс қалдырмай бәрінің ризығын Аллаһ жібереді.» делінген.
* Аллаһу та'аланың бергендерінен разы болу және қанағат ету.
* Аллаһу та'аланың әмірлеріне және үкіміне сабырлық және разылық таныту.
* Аллаһу та'аланың берген ниғметтеріне шүкір ету.

* Халал табыс тауып, халалдан ішіп-жеу. «А’раф» сүресінде былай делінген: «Сендерге ризық етіп жібергендеріміздің ең тазасынан және ең жақсысынан алып жеңдер.»

Сұхбат...
Мұсылманның үш қасиеті
Хазреті Муаз бин Яхья былай деген: «Мұсылманда мына үш қасиет бар болса, ол жақсы деп саналады:

  • Мұсылман бауырына пайдасы болмаса да зиянын тигізбеу.
  • Оның қуанышына ортақ бола алмаса да, оған қайғы әкелмеу.
  • Оны мақтамаса және жақсылықтарын айтпаса да оны жамандамау.»