Ғибрат - Тамақ халалдан болса
Имам Ағзам хазреттерінің «рахметуллаһи алейһ» ең қадірлі шәкірттерінен болған Имам Мұхаммед Шайбани «рахметуллаһи алейһ» өте қадірлі болуымен қатар дүниелік жағынан да өте кедей еді. Бүкіл байлығын, патшалық мирасын тастап, Имам Ағзамға шәкірт болуды таңдаған еді.
Досы Имам Әбу Юсуф «рахметуллаһи алейһ» болса, ілімімен қоса дәулетті бай адам еді. Бір күні Имам Әбу Юсуф Имам Мұхаммедті үйіне асқа шақырады. Үйдегілерге бала-шағасына бұл кісінің қадір-қасиеті туралы, ғалымдығы, ұлылығы туралы айтқан болатын. Имам Мұхаммед үйге келіп Имам Әбу Юсуфпен бірге асқа отырады. Имам Әбу Юсуфтың баласы әкесі мақтаған бұл кісінің қалай тамақ жейтіндігін ойлап, қызмет қылып жүріп Имам Мұхаммедті бақылап жүреді. Қараса әкесінің үстемдігі туралы айтып мақтаған адамы алдындағы тамақтан жарылғанша жеп-ішіп ыдыстарда тамақ қалдырмайды. Әкесі сыртқа бір шыққанында «әке мубарәк кісі деген адамыңыз осы ма? Тамақ жеуі қалай өзі?» деп сұрайды. Іште отырып мұны естіген Имам Мұхаммед «Балам Куфада әкеңіздің тамағынан басқа халал тамақ жоқ, көңілім толып жегенім үшін артығымен жедім, тамақ халалдан болса, қанша жесең де жарасады» дейді.
Иман жаңарту - Тәждиди иман дұғасы
Йа, Раббым! Балиғат жасымнан бүгінге дейін Ислам дұшпандарына және бидғат иелеріне алданып, жұқтырған бұзық сеніміме және бидғат, күнә саналатын сөздеріме, тыңдағандарыма, көргендеріме, істегендеріме өкінемін. Енді бұлай бұзық нәрселерге сенбеуге және істемеуге бел байладым. Пайғамбарлардың алғашқысы – Адам алейһиссалам, соңғысы – біздің сүйікті пайғамбарымыз Мұхаммед алейһиссалам. Осы екі пайғамбарға және екеуінің арасында келген барлық пайғамбарлардың барлығына және келтіргендеріне иман еттім. Олардың барлығы хақ және айтқандарының бәрі дұрыс.
Амәнту билләһ уә би-ма жаә мин индиллаһ, әла мурадиллаһ, уә амәнту би-Расулиллаһ уә би-ма жаә мин инди расулиллаһ әла муради Расулиллаһ.
Амәнту биллаһи уә мәлаикатиһи уә кутубиһи уә Русулиһи уәл-йәумил ахири уә бил-қадари хайриһи уә шәрриһи миналлаһи та’ала уәл-басу бадәл-мәути хаққун әшһәду ән ла илаһә иллаллаһ уә әшһәду әннә Мухаммәдән абдуһу уә расулуһ.