Сұхбат - Әһли сүннет болу үшін
- Құран Кәрімнің Аллаһтың сөзі екендігіне сену.
- Өз иманына күмән келтірмеу.
- Сахабалардың барлығын жақсы көру, ешқайсысын жамандамау.
- Жұмақта Аллаһу Та’аланың көрінетініне сену.
- Күнәсі білінбеген имамның арқасында тұрып, намаз оқу.
- Әһли қыбланы (намаз оқитын мұсылманды) істеген күнәсіне қарап, кәпір демеу
- Әһли қыбла деген адамның бір сенімі мағынасы ашық нақты дәлелге қайшы болса, күпірлік болады. Мұндай адам намаз оқыса да, барлық ғибадатты жасаса да кәпір болады.
- Ғибадаттар иманның бір бөлшегі емес. Яғни, ғибадат жасамаған және күнә істеген мұсылманды кәпір деуге болмайды.
- Мәсіге мәсих тартуға болады.
- Иман артып, азаймайды.
- Миғраж рух пен дене арқылы болған.
- Тасаууф ілімін жоққа шықартпау.
- Мұғжиза мен керемет хақ-шындық.
- Төрт мазһабтің бірін ұстану, мазһабсіз болмау
- Хазреті Әбу Бәкір және хазреті Омардың халифа болғандығына және артықшылықтары олардың халифалық кезегі бойынша екендігіне сену.
- Қабірді зиярат жасауға, пайғамбарлар мен әулиелерден көмек сұрауға болады.
- Оқылған Құран Кәрімнің және берілген садақаның сауабын өлгендерге бағыштаудың болатынына, бұл сауаптардың және дұғалардың өлгендерге жетіп, олардың күнәларының азаюына себеп болатынына сену.
- Қабір сұрағы хақ-шындық.
- Қабір азабы рух пен денеге жасалады.
- Сырат көпірі бар.
- Шапағатқа, есепке және мизанға сену.
Бұлардың кейбіріне сенбеген адам әһли сүннеттен шығумен қатар, кәпір болады. Мысалы, миғраждың Мешіт Ақсаға дейінгі бөлімін қабылдамаған адам кәпір болады.
Имам Раббани былай дейді: «Тирмизидегі хадисте «Үмметім 73 топқа бөлінеді, 72-сі тозаққа барады, тек біреуі ғана құтылады. Бұл топ менің және сахабаларымның жолымен жүргендер» делінген». Бұл топ «әһли сүннет» деп аталады. Олай болса, тозақтан құтылу үшін әрбір мұсылман ең алдымен әһли сүннет сенімін үйренуі, одан кейін дініміздің бұйрықтарына бағынуы керек.