Ислам ахлақы - ҒАЛЫМДАР МЕН СУХБАТ ӘДЕБІ
Әһли сүннет сенімінде болған, харамнан сақтанатын ғалымдарды зиярат ет және сухбаттарына қатыс! Ақидалары, сенімдері бұзылған және екі жүзді, діни сауатсыз дүмшелерден немесе исламға бағынбайтындардан сақтан, оларға жақындама! Өйткені [мазһабсыздар және] екі жүзділер дінін сатқандар. Аллаһу та’ала құдси хадисте «Достарымды адамдардың арасына жасырамын, оларды ешкім білмейді.» деген. Егер бұл кісілердің сөздері, әрекеттері мен ғибадаттары Әһли сүннет ғалымдарының “рахима-хумуллаһу та’ала” кітаптарында жазылғандарға сәйкес келсе, сол кезде олардың сұхбаттарына қатысып, насихаттары мен дұғаларын алуға тырыс! Дінін білетін, намаз оқитын, харамнан сақтанатын, әйелі мен қыздарын ашық жүргізбейтін және ер мен әйел болып бас қоспайтын ғалымдарға Ислам ғалымы дейді. Олардың қасында әдеппен отыр. Олардың пайдасы көп! Олардан ғибрат, насихат және файз алуға тырыс! Файз алғаныңда жүрегің нұрланады. Айналаңа нұр шашасың. Олардың қасында отырғанда көп сөйлеме, пайдалы сөз сөйле! Олар арасында діни білімі көп болғандар таптырмайтын үлкен бір қазына. Оларды ренжітпегін, дұғаларын алуға тырыс және кетіп бара жатқаныңда қоштасып кет, хал-жағдайын сұра! Екі кісі әңгімелескенде әңгімелеріне араласпа! Біреу түшкіріп Әлхамдулиллаһ дегенде, оған Ярхамукаллаһ деу үлкен сауап. Жолда үлкендер мен ғалымдардың алдына түсіп жүрме.
Күн Тауешкі шоқжұлдызында
Бүгін 21 желтоқсан. Күн Тауешкі шоқжұлдызына кіргендіктен қыс маусымы басталды. Қыс маусымы 90 күнге созылады және наурыздың 20-ына бітеді. Күн бұл шоқжұлдызда 30 күн болады және қаңтар айының 20-күні Суқұйғыш шоқжұлдызына кіреді.