Untitled Document

Сұхбат - Мұсылмандық және Христиандық

Христиан діні көп өзгеріске ұшырағаны соншалықты діннің ешбір үкімі қалмаған. Діндерін бұзып, жойып жіберген. Еш бұзылмай түп нұсқасы сақталған күнде де, Аллаһу та’ала тарапынан үкімдері тоқтатылған.

Христиан дінімен ең кішкентай ауылды да басқару мүмкін емес. Ал Ислам бастан аяқ ережелер жүйесімен қамтылған. 1960 жылға дейін Израиль де мәжәлла заңдарын қолданып келді. Барлық оқиғаның үкімдері білдірілген. Ұрлық істеудің жазасы, ішімдік ішу, зина жасау, күштеп тартып алу, адам өлтіру, адамды жаралаудың жазасы ойға не келсе бүкіл мәселенің жазасы, шарасы білдірілген. Христиандықта бұлардың ешбірі жоқ.

Исламда барлық нәрсе нәзік бөлімдерге дейін, егжей-тегжейіне дейін толық білдірілген. Некелесу және ажырасу түрлері, сауда-саттық ілімдері, пайданың мөлшерлері, клиентті алдаудың жазасы, жұмысшымен жұмыс берушінің ақылары, әке-шешемен баланың ақылары, ерлі-зайыптылардың өзара ақылары, дос ақысы, көрші ақысы, кәпірлердің ақысы тіпті жануарлардың да ақылары білдірілген.

Діннің, иманның шарттары білдірілген. Намаз қалай оқылады, ораза қалай тұтылады, намаз қай кезде бұзылады, ораза қай кезде бұзылады, қажылық қалай жасалады, зекет қалай беріледі және кімдерге беріледі. Барлығы егжей тегжейіне дейін толық білдірілген.

Христиандықтың тек аты қалған, ешқандай қағидасы жоқ. Христиандықты бұзылған дін деп қабылдаудың өзі қате. Қате күйінің өзінде де бірде-бір ережелері қалмаған.

Поптары тарапынан жазылған Инжилдерде яғни Христиан кеңесінің жүздеген Инжил арасынан таңдап алған төрт Инжилінің де бір-біріне сәйкес келмеуі, бір-біріне қайшы пікірлер жазылғаны былай тұрсын, ереже туралы мүлдем айтылмаған. Әке тәңір былай деді, бала тәңір ана жақа кетті, тәңір қозысын құрбан етті, шарап қосылған нан жеді, пәленше түгеншені өлтірді, пәленше зина жасады, барлығында осындай нәрселер жазылған. Бұлар да бір-біріне сай келмейді. Қағидалары болған күнде де бұл дін Аллаһу та’ала тарапынан тоқтатылған.

Исламды зерттеп мұсылман болғандар былай деген:

  1. 1- Исламда бір ғана құдай бар. Христиандықтағы үш тәңір сенімін білімділер қисынсыз (ақылға қонымсыз) деп тапқан.
  2. Ислам тек ахырет бақыты емес, дүние бақытының да жолдарын білдірген өмір қағидасы.
  3. Исламда барлық бала күнәсіз туылады, ал Христиандықта күнаһар болып туылады.
  4. Мұсылмандардың артта қалуының себебі, діндерінің қағидаларына мойынсұнбауынан туындаған. Мұсылмандықта надан болғандар дінінен шығады, ал Христиандықта ғалым болғандар христиандықты тастайды.
  5. Исламда – дін, нәсіл айырмашылығына қарамай абсолютті әділдікті әмір етеді.