Мирас - Диуани Луғат-ат-Түрк
Махмұд Қашқаридің араптарға түрікше үйрету үшін 1072 жылы жазған Түрікше-Арапша сөздігі. Түркі дүниесінің ең құнды туындысы, түрік тілінің және мәдениетінің қазынасы. Ең алғашқы түрікше сөздік және тіл ілімі ретінде танылған бұл еңбек, алдымен 8 кітапқа бөлініп, кейін әрбір бөлімі есім (есімдік) және фиил (етістік) болып 2-ге бөлінген. Бұл еңбекте 7500 түрікше сөз бар. Кітапта сол дәуірдегі түркі руларының ерекшеліктеріне, сөйлеу мәнерлеріне қатысты мақал-мәтелдер, өлеңдер, жоқтаулар және тұрақты тіркестер орын алған.
Алғысөзінде Махмұд Қашқари түріктер туралы мәлімет берген және сол кездің картасын сызған. Кітап арап тілінің граматикасына сәйкес және сөздері алфавит бойынша емес сөздегі буын санына қарай түзілген. Бұл еңбектен түркі төрелерінің өмір салтын, мінез-құлқын, соғыс және қаһармандық секілді оқиғаларын көруге болады.
Күннің тарихы - Имам Ғазали
Имам Ғазали “рахметуллаһи алейһ” хазіреттері Ислам ғалымдарының ең үлкендерінің бірі еді. Өмірін Исламияттың әмір және тыйымдарын үйрену және үйретумен өткізген Имам Ғазали 1058 жылда Иранның Мешһед қаласының Ғазал ауылында туылған. 1111 жылы Жәмазиәл-әууәл айының 14-і дүйсенбі күні, сол жерде қайтыс болды.
Мүжтәһид еді. Көптеген кітаптар жазды. Көп жазғандығы сонша жазған кітаптарын бүкіл өміріне бөлгенде бір күнге 18 беттен түсуде. Бағдатта Низамийа медресесінде (университет) мударрис, яғни мұғалім еді. Кейінірек Шамда және Нишапурда мұғалім болды. Ихя және Кимяи Сеадет атты кітаптары өте құнды.